ҚҰЛТТАНЫП ҚАЛҒАН ПӘТЕР ІШІНЕН ЖАСӨСПІРІМ БАЛА ШЫҒАРЫЛДЫ

81
0

Ағымдағы жылдың 22 сәуірінде Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші пультіне авариялық құтқару бағытында хабарлама келіп түседі. Хабарламада Түркістан қаласындағы Жаңа қала мөлтекауданындағы №17/2 көпқабатты тұрғын үйдегі пәтер есігі құлттанып ашылмай қалғаны туралы айтылады. Пәтер ішінде жасөспірім бала қалған.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жетіп, пәтер есігін ашады. Пәтер ішінен жасөспірім бала шығарылады.

Зардап шеккендер болмады.

Дәл осыған ұқсас жағдай 23- сәуірде қаладағы Төле би көшесіндегі №42 үйдегі пәтерлердің бірінде орын алған. Бұл туралы хабарлама сол күні сағат 00:03-те қаладағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің диспетчеріне хабарланды. Өрт сөндіру депосының құтқарушылары  оқиға орнына жеті минутта жетіп, пәтер есігін ашуға көмектеседі.