ЖЕҢІЛ АВТОКӨЛІКТІҢ ЖАНЫП ЖАТҚАНЫ ХАБАРЛАНДЫ

62
0

Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне өрт оқиғасы туралы кезекті хабарлама келіп түседі. Хабарламада Түркістан қаласындағы Тәуке хан даңғылы бойында Nexia маркалы жеңіл автокөліктің жанып жатқаны айтылады.

Хабарламада көрсетілген мекенжайға өрт сөндірушілер өрт сөндіру автокөліктерімен жедел жетеді. Құтқарушылар оқиға орнына барған кезде автокөліктің ішкі панельінен түтін шығып бықсығаны анықталған. Бұл жағдай өртке ұласпаған. Бықсыған түтінді өрт сөндірушілер келгенге дейін адамдар өз бетінше сөндірген. Оқиғадан зардап шеккендер болмаған.

Орын алған оқыс жағдайға байланысты төтеншеліктер жүргізушілерге автокөлікте өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.