ОТ ЭЛЕКТР СЫМДАРЫНЫҢ ҚЫСҚА ТҰЙЫҚТАЛУЫНАН БОЛҒАН

96
0

Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші диспетчеріне кезекті хабарлама түседі.

Хабарламада қаладағы Дүйсенбаев көшесіндегі жеке тұрғын үйде өрт болып жатқаны айтылады. Өртті сөндіру үшін құтқарушылар өрт сөндіру автокөлігімен оқиға орнына барады. Құтқарушылар хабарламада көрсетілген мекенжайға жеткен кезде тұрғын үйдің кіреберіс бөлмесіне жүргізілген электр сымдарының қысқа тұйықталуынан от бөлменің шатырына лап берген. Бірақ өртке ұласпаған. Түтеп бықсыған. Оқыс оқиғадан зардап шеккендер болмады.