ҚҰТҚАРУШЫЛАР ЖАСӨСПІРІМДІ ӨЗ АНАСЫНА ТАПСЫРДЫ

80
0

Ағымдағы жылдың 27 сәуірінде Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші диспетчеріне хабарлама түседі. Хабарламада қаладағы І мөлтекаудандағы №33 үйдегі пәтерде есіктің құлттанып қалғаны айтылады. Оқиға түнгі сағат 01:23 минутта хабарланады.

Оқиғаға байланысты №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамындағы 5 қызметкер оқиға орнына жеті минутта жетеді. Және есікті ашып, пәтер ішінде қалып қалған 12 жастағы жасөспірімді өз анасына тапсырады.