ЖАСТАР – ҚОҒАМНЫҢ ҚУАТТЫ КҮШІ

106
0

Елімізде жастарды жұмыспен қамту шараларына айрықша назар аударылып келе жатыр. Мұның өзі бүгінде шаңырақ көтерген немесе екі қолға бір күрек таппай жүрген жастарға ауқымды қолдау болуда. Бұдан бөлек, тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында да игі бастама көтерілген. Бүгінде «Жастар» бағдарламасы кең танымалдыққа ие бола түсуде. Қала берді, сұраныс саны да арта түскен.

Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы 29 жасқа  дейінгі жұмыс істейтін жастар бағдарламасы бойынша қаралымдағы  810 өтінім өтінім иелеріне өңдеуге жіберілуде. Азаматтар өңдеуге  жолданған құжаттарды 2 жұмыс күні ішінде толықтырып қайта жолдаулары қажет. Екі жұмыс күні аралығында өңделмеген құжаттар немесе дұрыс өңделмеген құжаттар қарауға алынудан бас тартылады. «Жастар» бағдарламасы бойынша өтінімді өңдеу барысында төмендегі көрсетілген  шарттарға аса назар аударуларыңыз қажет. Яғни құжаттарыңыздың сапалылығына,  ұяшықтарды дұрыс толтыруға, банктік шотқа депозиттік шоттың ашылған күнін көрсетуді және дәлелді құжатты қосуды, қызмет барысындағы жеке жетістіктерге ағылшын курсын немесе басқа да курстарды аяқтау, қол алысып тұрған фотосуреттер, ата-анаға бала тәрбиесі үшін берілген алғыс хаттар, жақсы оқығануы үшін, тәрбиелі студент болғаны үшін берілген сертификаттар мен мадақтамалар жатпайды. Сондықтан, тек қызмет барысында бағаланған мадақтама, алғыс хат, орден, медаль және өзге де деректерді қосуды, бюджеттік саладағы еңбек өтілі мен жеке кәсіпкерліктің ашылған уақытын дәлелдейтін құжаттарды міндетті түрде салуды, 100 мамандыққа игерген мамандығыңыз кірмеген жағдайда «басқа-иное» батырмасын басыңыз. Айта кету керек, «Жастар»бағдарламасы бойынша  кезекті өтінім қабылдау 2022 жылдың 6-7 қазан  аралығында жүргізілген болатын.

Еске сала кетейік, 2022 жылы азаматтардың пайдалануына жалпы 1 605 пәтер табысталу жоспарланған болса, оның ішінде жұмыс істейтін жастар бағдарламасы бойынша 857 пәтер беру қарастырылған. Сатып алу құқығынсыз жалға берілген пәтерлер жастардың ипотекалық бағдарламалар арқылы баспаналы болуы үшін қаражат үнемдеуге мүмкіндік бере отырып, жұмыс істейтін жастарды қолдауға арналған жоба. Жастар 5 жыл көлемінде 5000-17000 теңге аралығындағы соммаға отбасы құрамына қарай 1 немесе 2 бөлмелі пәтерді жалдап тұра алады. Қатысушыларға қойылатын басты талаптарға келсек, жасы 29 жасқа толмаған жұмыс істейтін жас болуы тиіс, бағдарламаға қатысуға өтінім берушінің соңғы 2 жылда Қазақстан Республикасы аумағында иелігінде тұрғын үй тіркелмеуі керек, Шымкент қаласында соңғы 2 жылда тұрақты тіркеуде болуы тиіс, ай сайынғы табысы 40 АЕК (122 520 теңгеден) асуы шарт.