СПОРТ — ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

91
0

14 қараша – бүкіл әлемде дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні. Осы орайда, Шымкентте айрықша шара өтпек. Тарқата айтсақ, үшінші мегаполистегі дендросаябақта 12 қараша күні Nordic Walking мектебінің сертификатталған нұсқаушылары Дүниежүзілік қант диабетімен күресу күні сабақ өткізеді және жиі скандинавиялық серуендеудің ағзаға, әсіресе қант диабетімен ауыратындарға пайдалы әсері туралы айтып береді.

Шара барысында скандинавиялық серуендеу немесе жалпыға ұғынықты тілмен айтқанда финдік серуендеудің денсаулыққа пайдасы егжей-тегжейлі түсіндіріледі. Қант диабетімен ауыратындар үшін скандинавиялық серуендеу профилактикалық шара болумен қатар, негізгі терапиялық әдістердің бірі саналады. Себебі бұл инсулин рецепторларының жақсы жұмыс істеуіне көмектеседі және бұл, өз кезегінде, дененің жасушаларына глюкозаны жақсы сіңіруге мүмкіндік береді, яғни қандағы қант деңгейін бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ағзаның тұрақты жаттығуларға бейімделуіне мүмкіндік береді, тіпті белсенді емес болса да, инсулинді тиімдірек пайдалануға мүмкіндік жасайды. Семіздіктің алдын алу үшін физикалық белсенділіктің тамаша түрі болып табылады және қант диабетімен ауыратындар үшін қандағы қант деңгейін бақылау және қауіпті шөгінділер мен асқынулардың алдын алу үшін тамаша әдіс. Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні жыл сайын 14 қарашада атап өтіледі. Бұл бүкіл прогрессивті адамзатқа аурудың таралуының тұрақты түрде өсіп келе жатқанын еске салатын маңызды күн болып табылады. Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні алғаш рет 1991 жылы 14 қарашада Дүниежүзілік қант диабеті федерациясы мен ДДҰ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) бүкіл әлемде қант диабетімен күресті үйлестіру мақсатында өткізіді. IDF қызметі арқылы Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні дүние жүзіндегі миллиондаған адамдарды қамтиды және қант диабеті мен оның асқынулары туралы хабардар болу мақсатымен 145 елдегі қант диабетімен ауыратын қоғамдарды біріктіреді.