ЖАСТАР НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ

88
0
Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Сайрам» медициналық колледжінің студенттерімен кездесу өтті, деп хабарлайды Uakit.kz. 
Мақсаты — жастар арасында нашақорлықтың алдын алу. Салауатты өмір салтын ұстанып спортқа баулу. Кездесуге ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық маманы Жүргенбаева Назира, ШЖҚ Психикалық денсаулық орталығының нарколог дәрігері Ермаханова Перизат, Серғали-Түркістан РҚБ, жоба үйлестірушісі Әбуталиев Ержан, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің басшысының орынбасары Аитов Руслан, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің жаттықтырушысы Олимжон Ибраимов, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы, Қазақстанның 8 дүркін чемпионы, ушу саньдадан спорт шебері Шахзод Ташполатов, Жастар ресурстық орталығының маманы Айжарқын Қалмурзаева және «Сайрам» медициналық колледжінің студенттері қатысты.
Кездесуде ЖИТС-тің алдын алу орталығының маманы адам ағзасында қауіпті және қауіпсіз биологиялық сұйықтықтың жұғу жолдары және АИВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары туралы айтып өтті. Сонымен қатар жастар арасындағы нашақорлықтың әлеуметтік алдын алудың өзекті теориялық және қолданбалы мәселелері айтылды. Қазақстан жастарының өмір сүру салты, еліміздегі нашақорлық деңгейі, статистикалық көрсеткіштері талқыланады. Сонымен қатар бұл жұмыста нашақорлық және жасөспірімдер қылмысы проблемасы, кәмелетке толмағандардың есірткіге құмарлығын қалыптастыруға ықпал ететін факторлар жайлы нарколог маманы айтып өтті. Сөз соңында сала мамандары жастарды жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытын тиімді істермен айналысуға шақырды. Ал спортшы чемпиондар жастарды спортпен айналысуға шақырып, жастар тарапынан сұрақтарын қойып, өзара еркін пікір алмасты.