ӨРТ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША СОТҚА ТАЛАП-АРЫЗ БЕРІЛГЕН
Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айларында қаладағы 34 мектепте өрт техникалық қауіпсіздік бойынша арнайы тексеру жүргізді. Тексеру кезінде барлық мектептерде өрт қауіпсіздігі ережелерінің толық сақталмағаны анықталып, айыппұлдар салынды.
Бұл туралы Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Асқар Сейсенов мәлімдеді.
Ontustik телеарнасына берген сұхбаты кезінде Асқар Сейсенов мектептерде өрт техникалық қауіпсіздігінің қамтамасыз етілгені жөнінде арнайы тексеру кезінде өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша мектеп директорларына ұйғарым берілгенін атап өтті.
Ұйғарымның орындалуы бойынша басқарма тарапынан 3-4 ай ішінде қайта тексеру жүргізіледі. Соның негізінде 4 мектептің өрт қауіпсіздік талаптарын орындамағаны үшін қалалық сотқа талап-арыз түсірдік. Бүгінде сот шешімімен ол мектептерде өрт техникалық қауіпсіздік ережелерінің қамтамасыз етілуі орындалып жатыр.
Осылай деген Асқар Сейсенов басқарма мектептерде өрт-техникалық қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қамтамасыз етуге ықпал ету бағытында қала әкімдігіне өтінім жолдағанын да атап өтті.