ТҰРҒЫНДАР КӨТЕРГЕН 488 МӘСЕЛЕ ШЕШІМІН ТАПТЫ

99
0

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың әр тоқсан сайын халықпен есепті кездесу өткізіп келеді. Жуырда осындай жиындардың бірі Абай ауданының тұрғындарымен өткен болатын. Онда шаһар басшысы 9 айдың қорытындысы бойынша баяндама жасап, тұрғындар тарапынан қойылған 50-ден аса сауалға жауап берді.

Жиындарға жүздеген тұрғынмен қатар, қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары мен БАҚ өкілдері қатысуда. Шаhар басшысының жыл басынан бастап мегаполистегі елді мекендерді аралау барысында 125 кездесу өткізіліп, 1020 мәселе көтерілген. Әрбірі жеке хаттамаға енгізіліп, орындалуы жіті бақылауға алынған. Нәтижесінде бүгінге дейін 488 мәселе шешілген, 377-сі жыл соңына дейін шешімін табатын болса, ал 195 мәселе 2023-2025 жылдар жоспарына енгізілген. Одан бөлек, ай сайын аудан белсенділерімен әкімдік ғимаратында қабылдаулар өтуде. Онда атқарылған жұмыстар нәтижесі баяндалып, белсенді тұрғындармен мақұлданып отырды. Соңғы 9 айда 11 рет жеке қабылдау өткізіп, 1 217 азаматтың мәселесі тыңдалды. 2 341 мәселенің 760-сы нақты шешімін тапса, 1 476-сы орындалуда, қалған мәселелер заң талаптарына сәйкес шешілмек. Билік пен халық арасындағы байланыс осындай ашық диалогтар арқылы талқыланып, қаланың өркендеуі жолында үш жақты жауапкершілік орнағанына тоқталған қала әкімі Мұрат Әйтенов алдағы уақытта да бұл жұмыстар жалғасатынын жеткізді. Күні бүгінге дейін қала тұрғындары көтеріп келе жатқан мәселелердің бірқатары шешімін тапты. Атап айтқанда, үшінші мегаполис аумағына кіретін шағынаудандар мен елді мекендердегі сапалы ауыз су, электр жарығы мен көгілдір отынға қатысты түйткілдер шешімін табуда. Атқарылған жұмыстардың нәтижесін қала әкімінің өзі тексеріп, орын алған олқылықтар болса, тиісті сала басшыларына тапсырмалар беруде.