КҮЛ-ҚОҚЫСТЫ КЕЗ КЕЛГЕН ЖЕРГЕ ТАСТАМА

77
0

Төтеншеліктер қоқысты өртеу немесе оны жинап, арнайы полигондарға тастамау қоршаған ортаға кері әсерін тигізіп қана қоймай, үлкен қауіптің себепшісі болатынын ескертеді. Оған төмендегі жағдайлар мысал бола алады.

Ағымдағы жылдың 23 ақпанында С. Ерубаев көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйде өрт болып жатқаны туралы хабарланады. Бұл туралы хабарлама №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші диспетчеріне келіп түседі. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде үйдің ауласында жалпы көлемі 72 шаршы метрді құрайтын тозығы жеткен баспананың 50 шаршы метрді алып жатқан қамыс қалдықтары түтеп бықсығанын анықтаған.

Бірер күннен соң, дәлірегі, 25 ақпанда Түркістан қаласындағы «Отырар» мөлтекауданындағы ашық аулада қамыстың жанып жатқаны туралы хабарланады. Өрт сөндіру қызметі бұл хабарламадан хабардар болған сәтте, өрт сөндіру автокөліктерімен оқиға орнына жедел жетеді. Құтқарушылар хабарламада көрсетілген мекенжайға жеткен кезде «Отырар» мөлтекауданындағы ашық алаңда көлемі 40 шаршы метр болатын құрғақ шөптің түтегенін анықтайды.

Одан өзге ағымдағы жылдың 4 наурызында Түркістан қаласындағы «Бірлік» мөлтекауданындағы ашық алаңда күл-қоқыс жанады. Бұл туралы хабарлама  Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне түседі. Осыған орай өрт сөндірушілер өрт сөндіру автокөлігімен оқиға орнына дер кезінде жетіп, ашық алаңда жинақталған күл-қоқыстың түтеп, бықсығанын анықтайды. Бұл оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Бірақ өрт сөндірушілер қоршаған ортаға қауіп әкелмес үшін ашық алаңдарға күл-қоқыс тастамауды ескертеді.

Дәл осыған ұқсас жағдай ағымдағы жылдың 6 наурызында қаладағы «Ортақ» мөлтекауданы №12 көше бойында орын алады. Аталған көшенің бойында қара түтін шығып жатқаны туралы хабарлама №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне сол күні сағат 19:34-те түседі. Өрт сөндірушілер өрт сөндіру автокөліктерімен оқиға орнына жеткенде көлемі 2 шаршы метрге жиналған күл-қоқыс қалдықтарының түтегенін анықтайды.

Одан өзге 26 наурызда Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт  сөндіру бөлімінің кезекші диспетчері Б. Майлин көшесінде орналасқан үй ауласындағы баспана жанып жатқаны туралы хабарламаны қабылдайды. Хабарламаға сәйкес өрт сөндіру депосынан жеке құрамдағы құтқарушылар өрт сөндіру автокөлігімен оқиға орнына барған кезде қараусыз қалған тұрғын үйдің ішінде жиналған қоқыс қалдықтарының түтегенін анықтайды.  Оқиға өртке ұласпаған. Десе де өрт сөндірушілер қатты тұрмыстық қалдықтарды бей-берекет тастау, оқыс жағдай тудыратынын ескертеді.

Сондай-ақ  30 наурызда №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші пультіне №95 көше бойындағы ағаштың жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түседі. Өрт сөндірушілер көрсетілген мекенжайға жеткен кезде ашық алаңда көлемі 8 шаршы метрді алатын құрғақ шөптің түтегеніне көз жеткізеді. Оқиға өртке ұласпаған.

Ағымдағы жылдың 27-қыркүйегінде №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші диспетчері кезекті хабрламаны қабылдайды. Хабарламада Б. Майлин көшесінде қара түтін шығып жатқанын айтылады. Хабарлама бойынша Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі АЦ-8-70(43118) өрт сөндіру автокөлігімен оқиға орнына жетеді. Өрт сөндірушулер оқиға орнына  жеткен кезде жалпы көлемі шамамен 1,5х1,5 шаршы метр алаңға жиналған оқыс қалдықтарының түтегенін анықтайды.  Оқиға өртке ұласпаған. Және тұрғындарға материалдық шығын келмеген.  Орын алған оқиға бойынша өрт сөндірушілер қоқыс қалдықтарын кез келген жерге тастауға боомайтынын, жабайы қоқыс алаңы қоршаған ортаға зиянын тигізетінін ескертті.