ШЫМКЕНТТІКТЕР НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ШАРАПАТЫН КӨРУДЕ

68
0

Шымкентте «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында жүргізілген жұмыстар өз нәтижесін беруде, деп хабарлайды Uakit.kz.
Бүгінгі таңда халықты жұмыспен қамту бағытында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға бағдарлама түзелеген болатын. Бағдарлама шеңберінде мынадай бағыттар бойынша мемлекеттік қолдау шаралары көзделген.
1) Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету;
2) жаппай кәсіпкерлікті дамыту;
3) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту;
4) Жастар — ел тірегі ұлттық жобасының кешенді іс-шараларын іске асыру.
Осы бағыттар да Шымкент қаласы «Жұмыспен қамту» орталығы нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізіп отыр. Орталық жыл басында кәсіби білім беру бойынша 2 392 адамды оқуға жолдау жоспарланған болатын, бүгінде нақты 3 354 адам оқуға жолдап отыр. Бұл белгіленген межеден асыра орындалған. Ал, кәсіпкерлікті дамыту бағытында жоспар бойынша 3050 адамға кәсіпкерлікті қолдау бағыты көрсетуі тиіс болатын, нақты 12 102 адамға кәсіпкерлік қолдау көрсетілген. Бұдан бөлек, Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары бойынша 2022 жылға 24 196 жұмыс орыны жоспарланған. Оның 14 517 тұрақты жұмыс орын болса, 9 679 уақытша жұмыс орын болып табылады. Яғни 10 552 ұлттық жобалар бағытында болса, 13 644 орын жеке бастамамен құрылатын жұмыс орындары болады.
Сондай-ақ, жастарды жұмыспен қамту шаралары да қолға алынған. Жыл басына бері жоспар бойынша 2 098 адамға жастар практикасынан өту мүмкіндігі берілген болатын. Қазіргі таңда нақты 2 236 адам жастап практикасынан өтуде. Ал,«Алғашқы жұмыс орындарының жобасы» аясында 227 адам жұмыспен қамтылу тиіс болатын, бүгінде нақты 291 адам жобаға қатысып отыр.  Кезекті жобалардың бірі «Ұрпақтар келісім шарты» жобасы онда нақты 17 жас маман қызмет етуде.