МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ТҮСІМІ АРТЫП ОТЫР

96
0

18 салық төлеушіге камералы мониторинг нәтижесінде әкімшілік айыппұл салынған. Бұл туралы Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Берік Жамалбеков айтты.

Нақтырағы «Камералды мониторинг бағытына келетін болсақ өз қызметтерін жүзеге асыру барысында, құқық бұзушылыққа жол берген салық төлеушілерге қатысты 2022 жылдың 5 айында ҚР ӘҚБтК-нің 278 бабының 3 бөлігімен 18 салық төлеушіге 91,1 млн.теңге әкімшілік айыппұл салынып, өндірілді» деді Берік Жамалбеков. Спикердің сөзінше, мемлекеттік бюджет жоспары 123,9 млрд теңге болса, нақты түскені 148,3 млрд теңгені құрап, жоспар 24,448 млрд теңгеге артығымен орындалған. Көрсеткіш 120 пайызды құрайды. Осылайша республикалық бюджет 102, жергілікті бюджет 134 пайызға орындалып отыр. Ал осы жылға мемлекеттік бюджеттің салықтық түсімдері бойынша бекітілген жоспар – 328,7 млрд теңге. Күтілетін сома 354 млрд теңге немесе жоспар 122 пайызға орындалады деп болжануда. Оның ішінде барлық деңгейдегі бюджеттердің жоспары 100 пайыз орындалуда. Республикалық бюджет бойынша күтілетін түсім 144 млрд теңге, ал жергілікті бюджет бойынша күтілетін түсім 210 млрд теңгені құрайды.  «Көлеңкелі экономиканы төмендету және қосымша кіріс көздерін өндіру мақсатында, ҚҚС төлеу үлесі 1% дан төмен сауда, құрылыс және қызмет көрсету саласындағы, айналымы 100 млн теңгеден асатын ҚҚС төлеушілер бойынша мақсаттық топ құрылды. Осы категория бойынша талдау жасалып, ҚҚС төлемеу себептері анықталып, жұмыс қорытындысы негізінде тиісті шешім қабылданады. Бүгінгі күнге, аудит, салық саласының маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Жыл басынан бері салық төлеушілерге қатысты тексерулер жүргізіліп, нәтижесінде 20 тексеру бойынша 2,5 млрд теңге қосымша есептелген. Ағымдағы жылдың 2 тоқсан қортындысымен қосымша есептеудің болжамды сомасы 1,9 млрд теңге болатын 15 тексерулерді аяқтау жоспарлануда. Салық төлеушінің белгіленген мерзімде орындалмаған салықтық міндеттемесін, салық берешегін төлемеген жағдайда келесі тәсілдер қолданылады – борышкер салық төлеушілердің төленбеген сомасына әр күніне өсімпұлды есепке жазу, кассасы бойынша және барлық банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, авто транспорт немесе жылжымайтын мүлікке билік етуін шектеу. Егер көрсетілген тәсілдер қолданылғаннан соң, салық берешегі өндірілмесе, онда берешекті өндіру мақсатында мәжбүрлеу шаралары қолданылады. Яғни банктік шоттардағы ақша есебінен өндіру, дебиторлар шоттарынан, билік ету шектелген мүлікті өткізу есебінен өндіру, жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару түрінде жүргiзiледi.