ЕКІ МЫҢНАН АСА АБОНЕНТ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ

47
0
Абай ауданына қарасты Батыс елдімекені тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамту жұмыстары толық аяқталды. Қазіргі таңда тұрғын үйлерді мемлекеттік желіге қосу үшін абоненттеу жұмыстары жүргізілуде.
Құрылыс кезінде 68,5 шақырым электр желісі тартылып, 34 трансформатор мен 2 мыңнан аса бағана орнатылды. Бұл өз кезегінде тариф құнын да төмендетіп отыр. Осыған дейін жергілікті тұрғындар бір текше метр үшін 25-30 теңге аралығында төлем жасаса, бұдан былай тариф құны 17,9 теңгеге дейін арзандайды. Жалпы Абай ауданына қарасты бірнеше шағынауданда көптің көкейін тескен толғақты мәселелер шешімін тапты. Мәселен, Абай ауданына қарасты Қызылжар тұрғын алабы 2021 жылғы атқарылған жұмыстар нәтижесінде сапалы ауыз сумен толықтай қамтылып отыр. Аймақта 684 отбасы қоныстанған. Халық саны 4400-ден асады. Тұрғын алаптағы түйткілдердің шешілуі ауыз сумен ғана шектеліп қалған жоқ. Былтырғы жұмыстардың нәтижесінде көгілдір отынмен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетті. Электр жарығымен қамтамасыз ету жұмыстары 2022 жылдың 4-тоқсанында толықтай аяқталып, пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, Қызылжарда 19 көше бар. Оның жетеуіне асфальтбетон төселген. Қалған он екі көше – тас жол. Соның ішіндегі Бақтияров, Көмекбай, Мыңтөбе, Дала қыраны, Гаражный, Жаңақұрылыс-1, Жаңақұрылыс-2, Жаңақұрылыс-3 сынды 8 көшеге 2021 жылғы жоспарға сәйкес, тас төселген. 3 көшеге түнгі жарықшамдар орнатылғанын да айта кету керек. Сондай-ақ сапалы интернетпен қамту мақсатында базалық станцияның құрылыс жұмыстары жүргізілген. Бұдан бөлек, өткен жылы Абай ауданына қарасты Игілік тұрғын алабындағы түйткілді мәселе де шешімін тапты. Нақтырағы, 2021 жылы қолға алынған жұмыстардың нәтижесінде өткен жылы өңір сапалы ауыз сумен толықтай қамтылды. Демек 1319 отбасының немесе 8400-ден аса тұрғынның толғақты мәселесі шешімін тапты.  Бүгінде тұрғын алаптағы 694 үй мемлекеттік жүйеден электр қуатын алуда. Трансформатор жарығын қолданып отырған 625 үйді сапалы электрмен қамту мақсатында 2021 жылы құрылыс жұмысы аяқталған. Сондай-ақ Игіліктегі Терешкова көшесіне жарықшамдар орнатылған. Жалпы 43 көшенің 11-і асфальт, 22-тас жол, қалғаны топырақ жолдар. 2021 жылы атауы жоқ №6 көшеге шағал тас төселген. Биылдан бастап атауы жоқ 32,33,34,35, Жаңақұрылыс, Сіргелі 1, 2, 3, 4, 5, 6, Баба ата, жалпы саны 10 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары жүріп жатыр.