ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ-САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ КЕПІЛІ

88
0

Шымкент қаласының Білім басқармасы Әдістемелік орталығының 2022 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 26 қазанында №1 «Білім-инновация» лицейі базасында тәжірибе алмасу мақсатында «Функционалдық сауаттылық-сапалы білім берудің кепілі» тақырыбында оқыту семинар өтті.

«Жаратылыстану-математикалық пәндер» бөлімінің биология пәні әдіскері Сәуле Базарбаеваның ұйымдастыруымен өткен семинар барысында «Білім-инновация» пән мұғалімдері тәжірибелерімен бөлісіп, ой-пікірлерін ортаға салды. Қатысушылар сұрақтарына жауап алып, ұсыныстарын айтты. Аталған шараға 150-ге жуық мектеп координаторлары мен пән мұғалімдері қатысты. Оқыту семинарына озат нәтижелерімен бөлісіп, өз үлестерін қосқан мекеме әкімшілігіне, А.Усипбековке және Г.Арыстановаға рақмет айта отырып, оқушыларыңыз жоғары нәтижелер көрсете берсін дегіміз келеді. Айта кету керек, ағымдағы жылдың 4 қарашасында №9 ІТ лицей базасында білім басқармасы «Орта білім беруді және тәрбие жұмысын дамыту, қосымша білім беру» бөлімінің жаңадан келген басшысы М.Абдираимованың ұйымдастыруымен Әдістемелік орталығы директорының орынбасары Г.Сражиевамен бірлесе 2022-2023 оқу жылында білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып жүзеге асырылуы тиіс оқу-тәрбие процесіндегі нормативтік құжаттар туралы мектептердегі директор орынбасарларына арналған ақпараттық семинар өтті. Семинар барысында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы, «Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР МП 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығы, «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары мен факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығы түсіндірілді.