ҮШІНШІ МЕГАПОЛИСТЕ ҚОЛҒА АЛЫНҒАН ШАРУА ҚЫРУАР
Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны турасында жиі жазып келеміз. Бүгінде үшінші мегаполистің әлеуеті еліміз бойынша жоғары саналады. Сөзіміз дәлелді бола түсуі үшін сандарды сөйтелейік…
Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов қаңтар-қазан айындағы әлеуметтік-даму қорытындысын жасады. Жиында Шымкент қаласынды барлық сала бойынша өсім бары айтылды. Сондай-ақ, атқарылуға тиіс межелерді орындауда елімізде көшбасшы өңірлер қатарында екенін тілге тиек етті. Жасыратыны жоқ, соңғы уақытта өндіріс ошақтарының қатары толығып келеді. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында да қарқынды даму бар. Отандық өндірушілер қатары артып келеді. Нақтырақ айтқанда өнеркәсіп өнім көлемі 750,3 миллиард теңге жетіп, нақты индексі 105,8 пайызды құрады. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі – 107-ні құрап отыр. 403,2 миллиард теңге инвестиция тартылып, өткен жылмен салыстырғанда меже 18 пайызға айтқан. Қаламызда 599 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ал жалпы саудағы табыс 1 578 миллиард теңге жетіп, нақты көлем индексі 14,8 пайызға өсті. Бизнес климаты тұрақты, тұтынушылар қатары көп аймақ болған соң инвестиция тарту мәселесінде де күрделілік жоқ. Мәселен, нвестиция көлемі 403,2 миллиард теңге болып, 18,3 пайызға артты. Оның ішінде, мемлекеттік бюджеттен 93 миллиард теңге, жеке көздерден 310,2 миллиард теңге инвестиция тартылған. Құрылыс жұмыстарының көлемі 150 миллиард теңге немесе 138,6 пайызды құрады. Бүгінде үшінші мегаполис алып құрылыс алаңына айналып отыр. Шаһардың о шеті мен бұ шетінде мойнын көкке созған алып крандар менмұндалайды. Демек құрылыс қызу жүргізіліп жатыр деген сөз. Расында әлеуметтік салаларда мәселен мектеп пен емхана құрылыстары да биыл қарқын алды. Сондай-ақ, көпқабатты тұрғын үй құрылыстарының да көрігі қызып тұр. Жалпы сауда көлемі 1 578,3 миллиард теңге болып, нақты көлем индексі 14,8 пайызға артты. Оның ішінде, бөлшек сауда 482,1 миллиард теңге, нақты көлем индексі 112,1 пайыз, көтерме сауда 1 091,3 миллиард теңге, 116 пайыз. Жалпы көлік көлемі 258,0 миллиард теңге болып, 107,7 пайызды құрады. Жолаушылар айналымының нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен 1,0 пайызға, жүк айналымы 4,6 пайызға артты.