САБАҚТЫ ЖОСПАРЛАУ — БІЛІМ АЛУДЫҢ НЕГІЗГІ КЕПІЛІ

89
0

Шымкент қаласы білім басқармасы Әдістемелік орталығының 2022 жылдың жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 15 қарашасында Ұлықбек атындағы №3 жалпы орта білім беру мектебінің базасында «Сабақты жоспарлау — білім алудың негізгі кепілі» тақырыбында әдістемелік сағат өтті.

Шараның мақсаты — ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілген нормативтік құжаттарымен таныстыру және білім сапасын көтеруде мұғалімдерге әдістемелік көмек ұсыну. Әдістемелік сағатқа №1-70 аралығындағы жалпы орта білім беретін мектептер мен жекеменшік мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдістемелік бірлестік жетекшілері түгел қатысты. Іс-шара барысында пән әдіскері Г.Талипбаева оқыту бағдарламасы мен оқу құралдарының сапасын қамтамасыз ету, мұғалімнің әдістемелік шеберлігі, дұрыс ұйымдастыра білуі және осы мақсатта жүйелі жұмыс жүргізе білуі жайлы әдістемелік ұсынымдамалар берді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдістемелік бірлестік жетекшілері алдағы уақытта пәнді тиімді оқыту жолдарын қарастырып, әр сыныптың оқу мақсаттарын іске асыруда тапсырма құрастыруды жоспарлауға кәсіби бағыт алып, тарқасты. Айта кету керек, жуырда үшінші мегаполисте «TIMSS-2023 халықаралық зерттеулері бойынша оқушылардың жаратылыстану- математикалық сауаттылық дағдыларын қалыптастыру» атты семинар өткен болатын. Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты  Әдістемелік орталығының ұйытқысымен «TIMSS-2023 Халықаралық зерттеулері бойынша оқушылардың жаратылыстану — математикалық сауаттылық дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында мектеп үйлестірушілеріне арналған тәжірибелік семинар ұйымдастырылды.Шымкенттегі А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназия базасында өткен аталған семинарға  білім басқармасына қарасты барлық білім беру ұйымдарының мектеп үйлестірушілері мен физика пән мұғалімдері қатысты. Семинардың негізгі мақсаты әр түрлі елдердегі 4 және 8 сынып оқушыларының жаратылыстану — математикалық бағытындағы пәндерден білім сапасын салыстырмалы бағалайтын халықаралық зерттеулерге дайындық жұмыстарын жоспарлау, терең ойластыру мен құрастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар беру.