ШЫМКЕНТ: ТҰРҒЫН ҮЙГЕ ТІРКЕЛСЕ «ТІРКЕЛУ ТУРАЛЫ» SMS-ХАБАРЛАМА КЕЛЕДІ

113
0

Енді тұрғын үйге тірлеген азаматтың деректері үй иесіне «Тіркелу туралы» SMS-хабарлама арқылы келетін болады, деп хабарлайды Uakit.kz.
«Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қаласы бойынша филиалы тұрғын үй иелеріне тіркелген азаматтар мен тіркеуден шығарылған тұрғындар туралы SMS-хабарламаларды алатынын еске салды. Сондай-ақ, тұрғындарға жаңа мекенжайға тез әрі оңай тіркелу жолдары туралы айтты Бұл қызметті онлайн форматта 20 минутта рәсімдеуге болады, тіркеуге мемлекеттік баж алынбайды.
Шымкент қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз хатшысы Алтынай Татаеваның айтуынша, енді азаматтар ХҚО арқылы тіркелген кезде тұрғынүй иесі өз телефонына тіркелген адамның деректері көрсетілген хабарлама алады. Егер баспана иесі үйінде тұратын адамды тіркеуден шығарғысы келсе, екінші тарапқа да тіркеуден шығарылғаны туралы хабарлама барады.
Бұл қызметті екі жолмен алуға болады:
-Бірінші — Egov.kz порталы арқылы. Ол үшін ЭЦҚ болу қажет, немесе SMS құпия сөз арқылы (мобильді азаматтар базасында тіркелу керек). Егер азамат жаңа мекенжайға тіркелгісі келсе, Egov.kz порталы арқылы өтініш береді. Меншік иесі өзінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен өтініш берушінің өтінішін растайды. Өтінімді өңдеу және мақұлдау бірнеше минутты алады. Екінші нұсқа — ол үшін меншік иесімен өтініш беруші ХҚО-ға жүгіну қажет, және онлайн кезекті алдын-ала брондау керек.
Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша eGov порталы арқылы да онлайн тіркеуге немесе тіркеуден шығаруға болады. Ол үшін тұрғынүйиесі мен тіркелген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы керек.
Айта кету керек, жыл басынан бері қалалық халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 31 мың шымкенттік тіркеуге тұрған.