ЭВАКУАЦИЯЛЫҚ ЖИНАЛУ ПУНКТТЕРІНІҢ РӨЛІ ТҮСІНДІРІЛДІ

107
0

Түркістан қаласындағы Е. Иззатуллаев атындағы жалпы орта мектепте жер сілкінісі төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарды пысықтауға арналған практикалық жаттығу өтті.
Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы бекіткен жоспарына сәйкес ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.
Өз кезегінде Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімі әдістемелік кабинет бөлімінің меңгерушісі Маржан Қорғанбекова «Е. Иззатуллаев атындағы жалпы орта мектепте ұйымдастырылған оқу жаттығу барысында оқушыларға апатты жағдайда қауіпсіз аймаққа жиналу жолдарын түсіндірілді. Арнайы жасақталған топтардың жұмысы тұрғындарға тәжірибе жүзінде көрсетілді»,-деді.
Сонымен қатар ол жиын кезінде оқушыларға мектептердің негізінде құрылған барлық эвакуациялық-жиналу пункттерінің рөлі түсіндірілгенін атап өтті. Одан өзге ол табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдай туындаған кезде немесе қала тұрғындарын эвакуациялау қажеттігі туындағандағы дайындық жұмыстары қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әрдайым бақылауында болатынын айтты.
Жалпы Түркістан қаласында адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты 34 мектеп пен 21 балабақшада эвакуациялық жиналу пункттері құрылған. Осы пункттерде ай сайын жер сілкінісіне, өрт қауіпсіздігіне қарсы оқу-жаттығу шаралары ұйымдастырылады