ҚҰТҚАРУШЫЛАР САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНДЕ ҚАУІПСІЗДІКТІ БАҚЫЛАЙДЫ

105
0

 

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының инсекторлары сайлау учаскелерінде кезекшілікте болады,-деп хабарлайды uakit.kz.

Ертең яғни, 20 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы. Бұл саяси науқанға байланысты Түркістан қаласында 50 сайлау учаскесі құрылған. Бұған дейін Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының инспекторлары қаладағы сайлау учаскелерінің төрағаларына өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндірген. Сонымен қатар учаскелерде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы бойынша түсіндірулер жүргізген.

Ертең сайлау учаскелерінде азаматтардың дауыс беруі басталғанға дейін басқарма инспекторлары мен қаладағы мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері кезекшілікте тұрады. Масқат –  сайлау учаскелерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Айта кетейік, 20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасының кезектен тыс президент сайлауына байланысты ел аумағында 10101 учаске әзірленді. Оның ішінде 53 елде 68 сайлау учаскесі құрылды. Ел бойынша сайлауға барлығы 10 101 учаске іске қосылады, сайлаушылар тізіміне 11950 485 азамат енгізілді. 4 қарашадан бастап ел тұрғындарына өздерін тізімнен тексеруге мүмкіндік берілді. Учаскелік комиссиялар өз өкілеттіктері бойынша тізімдердегі қателер мен дәлсіздіктер туралы өтініштерді қарайды, оларға тиісті өзгерістер енгізу мәселелерін шешеді.