САНИТАРЛЫҚ-ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖЕМІСТІ ЖҮРГІЗІЛІП КЕЛЕДІ
Үшінші мегаполиске келуші туристердің саны жыл өткен сайын көбейіп келеді. Сәйкесінше, қаланың тазалығына қойылар талаптың да қатаңдайтыны белгілі. Осы орайда, аталған мәселе бойынша шаһар басшысы Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен бірнеше жиын өтіп, тиісті тапсырмалар берілген болатын. Неігзіг тақырып – қаланың санитарлық-тазалық жұмыстары. Бүгінде қала аумағында санитарлық-тазалық сақтау, көгалдандыру, шөп ору жұмыстары қарқынды жүріп келе жатыр. Осы орайда, жұмысқа салғырт қараған мекеме басшыларына ескертулер беріліп жатқанын да айта кету керек.
Жиындардың бірінше қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы былай деген болатын «Тазалық жүргізетін мердігерлер анықталып, жұмысын бастағанына 3 айға жуықтағанымен, тұрғындар тарапынан шағымдар саны азаймауда. Әлеуметтік желіде ай сайын сыни материалдар жариялануда. Оның басты себебі мердігер мекемелерде бүгінде қажетті ресурстар мен жұмыс күші толығымен жетіспеуде. Жұмыспен қамту орталығында 10 мыңнан аса жұмыссыз тіркеуде тұр. Бос жұмыс орындарын жасырмай, соларды жұмысқа тарту керек. Аудан әкімдері тазалықпен айналысатын мердігер мекемелердің жұмысын үйлестіру, қызметін қадағалау, бақылау шараларын жүйелі жолға қоймаған. Әкімдердің жұмысы шашылған қоқыс қалдықтарын мердігер компанияға хабарлап, жинатумен ғана шектелуде. Барлығыңыздан нәтижелі жұмыс көрсетулеріңізді талап етемін». Сөз жоқ, әр жиында аудан әкімдіктері атқарылып жатқан жұмыстар баяндалады. Өзекті мәселелер ортаға тасталады. Осындай жиындардың бірінде қала әкімі кемшіліктерді ретке келтіріп, тазалық сақтау жұмыстарын жүйелендіруді, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын мердігерлердің жұмысын арнайы бақылауға алуды, аудандағы кәсіпкерлік субъектілеріне арнайы мекемелермен келісім-шартқа тұру арқылы аумағындағы қоқыстарды тазалау, уақытылы шығаруды ұйымдастыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, тұрғындарға тазалық этикасын барынша түсіндіруді тапсырған болатын. Бүгінде аталған тапсырма негізінде жүйелі жұмыстар атқарылуда.