ТАПСЫРМАЛАР ТИІСТІ ДЕҢГЕЙДЕ ОРЫНДАЛУДА
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында мемлекеттік органдармен тұрғындар арасында өзара іс-қимылы жүйесі оң нәтижесін беріп келеді, деп хабарлайды Uakit.kz.
Билік пен халық арасында ашық диалогтың болуы, емін-еркін пікір алмасуы, елдің жағдайын жақсартуда. Осы орайда, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалаға қарасты шағынаудандар мен елді мекендерді аралап, тұрғындармен арнайы кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстар жайын түсіндірме жүмыстарын жүргізген болатын. Әл-Фараби ауданының тұрғындары тарапынан айтылған бірқатар мәселелер көтеріліп, айтылған мәселелерге байланысты әкім тарапынан тапсырмалар берілген болатын. Ақжайық шағын ауданының тұрғындары жолды асфальттау, кәріз жүйесін жүргізу және көшені жарықтандыру мәселесін көтерген болатын. Аталған мәселе атқарушы органдар тарпынан зерделеніп, шешімін табу жолдарын қарастырды. Жалпы Ақжайық шағын ауданында 9 көше бар, оның 5-і асфальтталған болса, 4-не шағал тас төселген. Шағын ауданда 2022 жылы Ақжирен, Самғау, Тайқоңыр, Сәйгүлік көшелеріне асфальтбетон қабатын төсеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 3 көшеге яғни Тоқпан, Балтамыр, Майлыкент көшелері ағымдағы жөндеу жұмыстары есебінен шұңқырларды тегістеу жұмыстары жүргізілді. Ал кәріз жүйесі 2017 жылы сараптаманың оң қорытындысын алған. Жобаның ескеруіне байланысты жобалаушы мекеме тарапынан жұмысына түзетулер енгізіліп, қорытынды алынды. Құрылыс 2023 жылдың қыркүйек айында аяқталып, 4200 жуық абонент кәріз жүйесіне қосылады. Жарықтандыруға келсек, Ақжайық шағын ауданында 2021 жылы Ақжелкен көшесі жарықтандырылған болатын. Сондай-ақ, 9 көшеге мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында жарықтандырылатын көшелердің тізіміне енбеуіне байланысты 2024 жылы жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі.