ҚАЛА БАСШЫСЫ DENDROPARK КЕШЕНІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

82
0
Мұрат Әйтенов қаладағы жаңадан бой көтеріп, құрылыс жұмыстары жүріп жатқан тұрғын үй кешендеріннен бизнес және комфорт класстан тұратын «DENDROPARK» кешені жұмысымен танысты.
Кешен – Асанбай Асқаров атындағы дендропарктың жанында орналасқан. Аумағы 21 049 шаршы метрді құрайды. 9, 16 қабаттан тұрады, 2-ден 4 бөлмелі, жалпы саны 162 пәтері бар. Төбесінің биіктігі 3 метр. Құрылысы 2021 жылы басталған.
Аталған нысанда қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Биыл Dendropark тұрғын үй кешенінің 1-1 кезегінің 88 пәтері өз иесін тапқан.