МЕКТЕПТЕ ӨРТ ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ

105
0

Осы аптада Түркістан қаласындағы №6 М. Мәметова атындағы жалпы орта мектебінде қаладағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамының қатысуымен жоспардан тыс өрт тактикалық оқу-жаттығу шарасы өтті,-деп хабарлайды uakit.kz.

Шараның мақсаты –  мектеп ұжымы мен оқушылардың өрт болған жағдайда азаматтық қорғаныс шараларын орындауға даярлығын пысықтау.

Шара барысында өрттен зардап шекпеудің бірнеше нұсқалары практикалық түрде көрсетілді. Ұйымдастырушылар  оқу-жаттығу арқылы оқу  орнының өндірісте газды пайдаланатын қауіпті обектідегі авария кезінде азаматтық қорғаныс шараларын орындауға даярлығын тексеруді мақсат етті. Сонымен қатар мектептегі басшы құрам мен ұжымның авария кезінде азаматтық қорғаныс шараларын ұйымдастыру мен өткізуге практикалық дағдыларынқалыптастыру болып табылады. Және оқушыларды авария кезінде сауатты іс-әрекеттер мен өзін-өзі дұрыс ұстау дағдыларына үйрету.

Оқу-жаттығу жиыны оқу сыныптары мен мектеп ғимараты, мектепке бекітілген панахана мен аумақтарда өткізілді.

Жаттығуға  мектептің әкімшілік құрамы, мұғалімдер мен оқушылар қатысты. Оқу-жаттығу шарасы кезінде шартты жағдайға дайындау кезеңінде  мектеп басшысының әрекеті: Кеңесте басшы және оқытушылар құрамының газдың қауіпті объектідегі авария кезінде жаттығуды өткізуге даярлық және өткізу туралы бұйрық хабарланады. Азаматтық қорғаныс штаб бастығы әрбір сынып үшін мектеп ғимаратын (газдың таралу кезінде) бірінші және  (газ құбырларының ісен шығуы) оқушылардың баспаналауына жоғарғы қабаттан бөлмелер дайындайды.  Азаматтық қорғаныс штабының бастығы мектепке бекітілген панахананың (егер ол бар болса) жасырынатындарды қабылдауға әзірлігін нақтылайды. Мектеп директорының шаруашылық жөніндегі  орынбасары мектеп сыныптарын, бөлмелерін қымтау үшін әрбір сыныпқа ас содасын, лимон, бор қышқылын береді.

Мектеп басшылығы сыныптар бойынша мектеп оқушыларымен жаттығулардың өткізілуін бақылайды. Оны өткізуге практикалық көмек көрсетеді. Азаматтық қорғаныс штабының бастығы азаматтық қорғаныс құрылымдары командирлерімен құрылымдардың әзірлік жағдайын нақтылайды (қоғамдық тәртіпті күзету, санитарлық жасақ, күзет, РХБ күзеті).

Ұжымның әс-әрекеті: Сынып жетекшілері оқушыларды ғимараттан көшіру, жалпы колоннада сыныптар орналасатын жерді анықтау жоспарына қатысады. Сынып жетекшілері газ және одан қорғану тәсілдері тақырыбы бойынша сабақ өткізеді. Мақта матадан жасалған дәкіні (повязканың) іс-жүзінде әзірленуін көрсетеді. Бастауыш сыныптардың жетекшілері ғимаратты қымтау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті материалдарды жоғарғы сынып оқушыларынан кімдер алып келетіндігін анықтайды. Сынып жетекшілері жаттығуды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шараларын естеріне салады. Практикалық жаттығу сабақтан тыс уақытта өткізіледі. Мұғалімдер оқушылардың іс-әрекеті саналы, сауатты болуы үшін күш жігерін салады.

Азаматтық қорғаныс құрылымдарының командирлері жеке құрамды, функционалдық міндеттерді, жарақтандыру тәртібін нақтылайды. Алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі практикалық сабақтарды өткізеді.

Ал оқушылардың әрекеті: Мектепте белгіленген дабыл бойынша, өз іс-әрекеттерін үйренеді. Газданған қауіпті объектідегі жарылыс кезінде халықтың іс-әрекеті туралы  жадынамаларды, кітапшаларды оқып үйренеді. Мектептен шығатын бағытты немесе басқа сыныпқа өтетін жерді нақтылайды. Өзіне өзі және зақымданғандарға көмек көрсетуге жаттығады. Жаттығу кезіндегі қауіпсіздік шараларын үйренеді. Мақта матадан жасалған дәкені (повязканың) пайдалануға әзірлейді.

Газданған қауіпті объектідегі авария кезінде іс-әрекеттерді пысықтауға қатысады. Азаматтық қорғаныс құрылымдарының жеке құрамы өздерінің функционалдық міндеттерін әзірлейді, жиналу, зардап шекендерге алғашқы медицицналық көмек көрсету, мектептегі жалпы колоннадағы қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі іс-әрекеттерді пысықтайды.

Шараға қатысқан ұжым мен оқушылар оқу-жаттығу жиыны кезінде төмендегідей практикалық әс-әрекеттерді орындайды.

Атап айтқанда мектеп басшылығы жауапты адамдардың жаттығуды өткізуге әзірлігі туралы қысқаша есебін тыңдайды. Жаттығудың практикалық бөлігін игеру үшін белгіленген дабылды жеткізу тәртібін, уақытын нақтылайды, жаттығу нұсқасын жариялайды. Жаттығудың басталғаны туралы дабыл беріледі. Мысалы «Газды зақымданудың пайда болуы», дыбыстық дабыл немесе ауызша ақпарат беріледі. Басшы құрам мен мұғалімдер оқушылардың іс-әрекетін қадағалайды.

Мектептегі кезекшілік ететін оқытушы  гидрометеоорталықтан немесе Төтенше жағдайлар басқармасынан  (бөлімнен) желдің бағытын біледі және мәліметтерді мектеп директорына баяндайды. Бірінші сабақ өткізетін барлық оқытушылар оқушыларға дабылдың орнатылғанын, осы дабыл бойынша  іс-әрекеттерді естеріне салады және жаттығуды өткізу кезіндегі  қәуіпсіздік шараларының сақталуына назар аударады.

Оқытушылар құрамы оқушыларға дабыл кезіндегі олардың іс-әрекеттерін түсіндіреді және сол бойынша басшылық жасайды. Сынып жетекшілері өз сыныптарына шұғыл келіп, жаттығудың өткізілетінін нұсқасына  байланысты іс-әрекет етеді.

Оқушылар болса алынған дабыл бойынша іс-әрекет етеді.