ТҰРҒЫНДАР КӨТЕРГЕН ТҮЙТКІЛДІ ТҮЙІНДЕР ТУРАСЫНДА БІРЕР СӨЗ

84
0

Тұрғындардың тілегі қашан да басты назарда. Күні бүгінге дейін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов әр ауданның тұрғындарымен бірнеше кездесу өткізді. Қолға алынған шаруалар да аз емес. Мәселен, жуырда ғана шаһар басшысы Мұрат Әйтенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті тамы айындағы біріңғай қабылдауын өткізді. Бұл жолы қабылдауға 250-ге тарта азамат келді. Оның 170-ке жуығы қала әкіміне өтініштерін айтса, қалғаны басқарма мен аудан әкімдіктері деңгейінде шешілетін мәселе бойынша жүгінген.

Тұрғындар негізінен тұрғын үй, әлеуметтік сала және инфрақұрылым мәселелері, заңсыз құрылыс жөніндегі талап-тілектерін жеткізді. Біріңғай қабылдауда шаһар басшысымен қатар қала әкімінің орынбасарлары мен басқарма басшылары, прокуратура мен полиция департаментінің өкілдері, аумақтық департамент басшылары да тұрғындардың жеке мәселесін тыңдады. Жер телімін заңдастыру, тұрғын үй беру туралы өтініштер тек заңға сәйкес шешілетінін айтылып, мемлекеттік қордан пәтерлер кезек арқылы арнайы электронды жүйеде жүзеге асатыны түсіндірілді. Келушілер арасында әлеуметтік дүкен ашу, қонақ үймен қатар емхана салуға инвестор болу, суреттерінің жобасымен таныстыру, бас жоспарға қатысты өзгерістер енгізу, қаланың өркендеуіне қатысты идеяларымен бөлісіп келгендер де бар. Қала басшысы Мұрат Әйтенов әрбір азаматтың өтінішін тыңдап, қала тіршілігіне бейжай қарамайтын белсенді тұрғындарға алғысын білдірді. Жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеді. Айта кету керек, қала әкімі бұған дейін үшінші мегаполиске қарасты аудандардың тұрғындарымен есепті кездесу өткізген болатын. Қаланың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері таныстырылатын жиында да тұрғындар тарапынан түрлі өтініштер мен ұсыныстар айтылып жатады. Ол бойынша да қалалық әкімдік тарапынан жедел тапсырмалар беріліп, дер кезінде орындалуда. Ал шешілуіне бірнеше жыл қажет болатын кешенді жұмыстар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, қала аумағындағы шағынаудандар мен елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту бағытында қыруар іс атқарылып жатыр. Нәтиже де жоқ емес. Жыл басынан бері бірқатар өңірлерге сапалы ауыз су, электр жарығы және көгілдір отын тартылды. Бұл ғана емес, жолдардың сапасы да артып келе жатыр. Аталған бағыттағы жұмыстар бір сәтке де тоқтаған емес. Алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.