СӘУЛЕ ШАҒЫНАУДАНЫНЫҢ 276 ОРАМЫНДА 1370 АБОНЕНТ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ

81
0
Сәуле ш/а 276 орамды табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстарын “Ремстрой” ЖШС мердігер мекемесі жүргізген болатын. Нысан бойынша технадзор: “Expert M” ЖШС,автор: «МПК-ПРОЕКТ» ЖШС.Жоба құны: 512 млн. тг тұрады.
Құрылысы 2022 жылы басталған нысанның жұмыстары барысында қазіргі таңға дейін ұзындығы 29 шақырымнан тұратын газ құбыры жүргізілді.Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары тәмәмдалып, нәтижесінде 1370 абонент көгілдір отынмен қамтамасыз етілді. Абоненттеу жұмыстары «ҚазТрансГаз»АО бірлесіп техникалық шарттары дайын тұрғын үйлерде қамтамасыз ету жұмыстары жасалатын болады. Жалпы 2023 жылы табиғи газбен қамтылу көрсеткішін 94%-дан, 96%-ға жеткізу жоспарда. Айта кету керек, биыл қалада табиғи газбен қамтамасыз ету құрылысы 6 нысанда жүргізілуде. Газдандыру жұмыстары Тассай, Тұран 3 кезек, Асар-2, Сауле, Солтүстік саяжай, Бозарық шағынаударында атқарылуда. Бүгінде Солтүстік Саяжай елдімекеніне көгілдір газ берілді. Шағынауданда құрылыс жұмыстары былтыр сәуір айында басталған болатын. Жалпы абонент саны 6 мыңға жуықтайтын елдімекенде құрылыс толық аяқталып, абоненттеу жұмыстары басталды.   Мегаполис тұрғындарының қолайлы өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатында биыл Нұртас шағынауданын толық газдандырып, Ынтымақ-2 елдімекенінде газ жүйесінің құрылыс жұмыстарын 2024 жылы аяқтау жоспарлануда. Жыл соңына дейін елдімекендердің табиғи газбен қамтылу көрсеткіші 94%-дан 96%-ға жететін болады. Айта кету керек, Шымкент қаласында инженерлік инфрақұрылыммен қамту ісі қарқынды жүріп жатыр. Бүгінде қалаға қарасты шалғайда жатқан шағынаудандар мен елді мекендер үлкен құрылыс алаңына айналған. Нақтырағы, сапалы ауыз су, көгілдір отын мен электр жарығы тартылып жатыр. Өткен жылы да қыруар іс тынған болатын. Биыл көрсеткіштер еселене түспек.