ӨҢІРЛІК ӨНІМНІҢ 40%-ҒА ЖУЫҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҮЛЕСІНДЕ

64
0
Шымкент қаласында 104 мыңнан астам белсенді кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді. Кәсіпкерлік саласында 189,4 мың адам жұмыспен қамтылған, бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 12,7%-ға өсті.
Өндірілген өнім көлемі бойынша 737,9 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 102,5% құрады.Шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 38,9 %-ды құрады.
Жалпы шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау мақсатында 2022 жылға 15,7 млрд. теңге қаржы бөлініп, жыл басынан 14 млрд. теңгеге 3 896 жобаға қолдау көрсетілген.
«Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» (Бизнестің жол картасы-2025 бағдарламасы) шеңберінде жыл басынан 3 673 жобаға (1 389 жаңа жобалар) 11,7 млрд. теңгеге қолдау көрсетілді. Одан бөлек, кәсіпкерлікті қолдау бойынша «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 2022 жылға 1,3 млрд. теңге бөлініп, 1,3 млрд. теңгеге 129 жобаға шағын несиелер берілді»,-деді Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков.