ИРРИГАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ САЛУ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНҒАН

76
0

Шымкент қаласына қарасты Еңбекші ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында І кезеңмен 52 көпқабатты үйдің 36 ауласын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ойын алаңшаларына жұмсақ төсеніш төселіп, балалар ойын, тренажер алаңшасының элементтері орнатылып жатыр.

Сонымен қатар ІІ кезеңмен 21 көпқабатты үйдің 11 ауласы абаттандырылып, 4 ашық спорт алаңшасы құрылып, 5 спорт алаңшасы қайта жөндеуден өтеді. Бүгінде мердігер мекемені анықтау бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары өтуде. Жалпы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында аумақты көгалдандыру, тротуарларды жайластыру, пандустар қою, арықтар салу және жөндеу, қоқыс тастайтын жерлерді жою, ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру, ойын және жаттығу алаңдарын құру, онда жабдықтар орнату секілді жұмыстар жасалады. Бастама өзге аудандарда да жемісті нәтижесін беріп келе жатыр. Мәселен, бір ғана Қаратау ауданында 2021 жылға қарағанда 2022 жылы халық қатысатын бюджет үлесі 10 есеге артқан. Өткен жылы 5 үйдің ауласы абаттандырылған болса, биылғы жылы 26 үй ауласы жаңарып, ирригациялық арықтар салу бойынша 2 жоба жүзеге асырылмақ. Ал Шымкент қаласына қарасты Абай ауданында 453 көпқабатты тұрғын үй 258 аулаға біріктірілген. Жоғарыда аталған жоба аясында 2021 жылы  7 жоба яғни 7 үй ауласы абаттандырылған болатын. Жоба құны 186,5 млн. теңгені құрайды. 2022 жылы 32 жобаға 5 үй ауласы 27 елді мекенде спорт алаңшалары орнатылды. Жоба құны 956,1 млн.теңге болып табылады. Ал 2023 жылға 25 жоба сметалық есептер әзірленуде. Жоба құны – 625,3 млн.теңге.  Жалпы Шымкентте «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында, тұрғындар ұсынысымен өткен жылы 41 көпқабатты үй ауласы абаттандырылып, ойын алаңшалары құрылды. Биыл ІІ кезеңмен 73 көпқабатты және жеке сектор бойынша 6 мекенжай абаттандырылып, балалар ойын алаңшасы тұрғызылуда.