МАҒЫНАСЫЗ ШЫҒЫНҒА БАТПАС ҮШІН АУЛАДА ОТ ЖАҚПА!

109
0

Құтқарушылар көшелер мен аулаларда қалдықтар мен қоқыстарды жағу аса қауіпті екенін ескертеді.  Егер де азаматтар үй ауласында қоқыстар жағып, оны қараусыз қалдырып кетсе  от жақын орналасқан тұрғын үйлерге шарпып тілсіз жау моральдық және материалдық зардап шектіреді. Мұндай мағынасыз шығынға батпас үшін  аулалар мен көше тазарту кезінде қарапайым өрт қауіпсіздік шараларын қаперде ұстау қажет.

Ең дұрысы, азаматтар көше  бойындағы жиналған қоқыстарды өртемей, жинап қойғаны дұрыс. Өз кезегінде жиналған қоқыстар арнайы автокөліктердің көмегімен тиісті орындарға шығарылады.

Тұрғын үй ауласын тазарту жұмыстарын жүргізу барысында қоқыс қалдықтарын өртеу қажеттігі туындаса, оны бақылаусыз өртемеген абзал. Қоқысты жанғыш заттарға жақын жинауға да болмайды. Сонымен қатар  ауа-райының желді күндері жағуға тыйым салынады. Аулаға жиналған қоқысты жағу кезінде ғимараттар мен тұрғын үйлерден ара қашықтықтың сақталуын қадағалаған абзал. Аулаға жиналған қоқысты өртемес бұрын жақын және қолжетімді жерге ыдыстарға су құйып қою керек.

Жиналған қоқыс қалдықтарын түрлі сұйық отындардың көмегімен тұтандырмаңыз. Жанған қоқысты міндетті түрде су шашу арқылы сөнгендігіне көз жеткізген жөн. Қоқыс жағу және өртеу кезінде өрт қауіпсіздігі ережесі талаптары бұзылған жағдайда, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 336 және 410 баптары бойынша әкімшілік шара көзделгенін біле жүріңіз.

Ал өрт өршіп, төтенше жағдай орын алғанда 101 телефонына хабарласуды ұмытпаңыз.