АУЛА ТАЗАЛЫҒЫ ТАЛАПҚА САЙ БОЛМАСА, ҚАЙТПЕК КЕРЕК?
Үшінші мегаполисте қала және аудан әкімдіктеріне көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларының аумағынан қоқыс шығарумен айналысатын ұйымның жұмысына қатысты шағымдар көптеп түсуде.
Әкімдіктің хабарлауы бойынша, «Көппәтерлі үйлерден және жеке сектордан қоқыстарды уақтылы шығару үшін тұрғындармен шарт жасасқан ұйым (МИБ, ЖМ) жауапты болады. Белгілі бір коммуналдық компаниямен келісім-шартты тұрғындардың өз қалауы бойынша ғана жасалады. Яғни, олар қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару үшін ұйымды өздері таңдап, тиісті шарт жасасады. Ал жергілікті атқарушы органдардың тұрғындар мен компания арасындағы қатынастарға араласуға құқығы жоқ. Ұйым жұмысты сапалы және кестеге сәйкес орындамаған жағдайда тұрғындар шартты бұзып, оны басқа компаниямен жасасуға құқылы». Көшелердің, автобус аялдамаларының, саябақтар мен скверлердің тазалығына, сондай-ақ қоғамдық орындардағы қоқыстарды шығаруға мемлекеттік мекемелер тікелей жауапты болады. Қазіргі уақытта бұл бойынша мәселе орын алып отқан жоқ. Бұған дейін Шымкент қаласында қоқысқа қатысты мәселенің туындағаны белгілі. Жалпы, қазіргі таңда қала бойынша көп қабатты үйлерден қоқыс шығарумен айналысатын мекеме бұл салада үлкен басымдыққа ие. Аталған мекеме жалпы 2 294 көп қабатты үйлердің 1 643 яғни 71,6 % және 4268 көшелердің 1 058 көшелердің яғни 24,7 % қоқысына жауапты. Дегенмен, мекеме түрлі себептерді алға тартып, өзіне жүктелген міндеттемелерін орындамауда. Атап айтқанда, 1-ші себеп дизель отынының жоқтығын алға тартқан. Аталған мәселе бойынша қала әкімдігі тарапынан дер кезінде тиісті жұмыстар жүргізіліп, оң шешімін тапқан. 2-ші себеп ай сайынғы түсімдер тоқтаған. Міндеттемелерін орындамаған мекемеге қала тұрғындары наразылық білдіріп, төлем жасаудан бас тартқан. Салдарынан ай сайынғы қаржылай түсім тоқтап, мекеменің лизингтік жүктемесі және жұмысшы ақысын төлей алмауына байланысты жалпы жұмысы толық тоқтатқан. Нәтижесінде қала бойынша қоқыстар жиналып, үлкен мәселеге айналды. Қазіргі таңда, шұғыл түрде бұл қызметті атқаратын мекемелерді жұмылдырудамыз. Қысқа мерзімде мәселе оң шешімін тауып, қаламыздың тазалығы қалпына келетін болады. Қала тұрғындарын осы себептерден туындаған баршамызға ортақ мәселеге түсіністікпен қарауға шақырамыз. Еске салар болсақ, қаламыздағы көшелер, автобус бекеттері, саябақтар мен гүлзарлардың тазалығына және қоғамдық жерлердегі тазалық пен қоқыстың шығарылуына тікелей мемлекеттік мекемелер жауапты. Ал көп қабатты үйлер мен жеке секторлардағы үйлерден шыққан қоқыстардың уақытылы алынуы мен қоқыс жәшіктерінің тазалығына тұрғындармен (ОСИ, ПТ) келісім – шартқа тұрған мекеме жауапты екенін ескеру қажет. Мекеме жұмысын сапалы және кестеге сай орындамаған жағдайда, олармен болған келісім шартты бұзып, басқа мекемемен келісу тұрғындарымыздың құзіретінде.