ЦИФРЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖҮРГІЗУШІЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН ЖЕҢІЛДЕТТІ

95
0

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы тұрғындарының өмір сапасын жақсарту болып табылады. Бағдарламаның іске асқан күннен бері  Қазақстандағы цифрландыру жүйесі едәуір өскенін байқауға болады. Бүгінде үйден немесе кеңседен шықпай-ақ түрлі операцияларды жасауға мүмкіндіктер көп.

Енді мұндай қолайлы қызметті шымкенттік жүргізушілер де пайдалана алады. Енді олар жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыра алады. Қазіргі таңда жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыру мүмкіндігіне ие. Ол үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ. «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы Шымкент қалалық филиалының өкілдері осылай деп еске салады. Бұл қызметті eGov.kz порталы арқылы онлайн жасауға, сондай-ақ, банктердің мобильді қосымшалары арқылы ауыстыра алатынын естеріңізге саламыз. «Жүргізуші куәлігін кез келген уақытта eGov.kz порталы және Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы ауыстыруға болады. Бұл әдіс ұзын-сонар кезекте тұру мәжбүрлігінен құтқарып қана қоймай, уақытты үнемдеуге де мүмкіндік береді», — деп хабарлайды баспасөз қызметі. Жүргізуші куәлігін онлайн тәртіпте ауыстыру қызметін алу оңай әрі жылдам. Алдымен еgov.kz порталына немесе банк қосымшасына кіріп, өтінішті толтыру қажет. Ары қарай керекті автоХҚО-ны таңдап, электронды цифрлық қолтаңбамен өтінішті растау қажет. Өтінішпен қоса фотосурет және қойған қолының скан-суреті де жолданады. SMS хабарлама келген соң таңдаған автоХҚО-ға барып, дайын жүргізуші куәлігін алып кетуге болады. Егерде жүргізуші куәлігіңіздің мерзімі өтіп кетсе, психиатрлық және наркологиялық диспансерден анықтама, 073-нысандағы медициналық анықтаманы ұсыну қажет. Жыл басынан бері Шымкенттік автоХҚО-лары арқылы 80 мыңға жуық жүргізуші күәлік беріліп ауыстырылды.