ҚАРАТАУ АУДАНЫ АУМАҒЫНА 10 000 АҒАШ КӨШЕТІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Шымкент қаласын жасыл аймаққа айналдыру жұмыстары қызу жүргізілуде, деп хабарлайды Uakit.kz.
Үшінші мегаполис жасыл желегімен танымал екені баршаға белгілі. Осыған орай қала әкімінің тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы тарапынан шаһар аумағындағы жасыл белдеу көлемін арттыру жоспарланған болатын. Үшінші мегаполис атанған Шымкент қаласын жасылдандырудың жаңа бастамасы қолға алынып, көркейту мен дамыту жолында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жасыл белдеу қалыптастыру мен көшелерді көгалдандыру ісі уақыт өткен сайын қарқын алып келеді.
Осыған орай қала аумағында аптаның сенбі күндері барлық аудан аймақтарында«Жасыл қала» акциясы аясында ағаш көшеттері отырғызылуда. Бүгінде табиғатты қорғауды мақсат еткен түрлі ұйымдар жасыл алқаптың аумағын кеңейтуге көңіл аударуда. Жасыл желек аумағын арттыру ісі қолға алынып өз нәтижесін беруде. Бүгін Шым шаһарды жасылдандыру мақсатында Шымкент қаласы әкімдігі басқармалары қызметкерлерімен бірге «Жасыл қала» акциясы аясында сенбілікке шықты. Олар Қаратау ауданына қарасты Шымкент сити, Тұран, Тұран-2 және Бозарық елді мекендеріне 10000-ға жуық ағаш көшетін егіп, тазалық жұмыстарын жұргізді. Тазалық жұмыстарына арнайы 4 техника және 500-ге жуық адам жұмылдырылды.
Айта кету керек, өткен аптада Қаратау ауданына қарасты  Шымкент сити және Тұран шағынауданындары аумағына сенбілік ұйымдастырылып, арық-атыздар, аулаларда тазалық жұмыстары жүргізіліп, 15 000-ға жуық ағаш көшеттері отырғызылған болатын.
Сенбілікке Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты басқармалар мен Қаратау ауданы әкімінің аппараты қызметкерлері жалпы саны 600-ге жуық қызметкер қатысып, 6 техника жұмылдырылды. Болашақта да аталған бағыттағы жұмыстар әрі қарай да жалғаса бермек.
Құрметті қала тұрғындары! Осындай игі істерге бірге атсалысып, белсенділік танытайық!