ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА АПАТТЫ ГАЗ ҚЫЗМЕТІНЕ ХАБАРЛАСУ ҚАЖЕТ
Табиғи газды пайдалану кезінде қандай да бір күмәнді жағдайлар байқасаңыз телефонды алып апатты газ қызметін яғни, 104 нөмірін теріңіз. Апатты газ қызметіне қоңырау шалу арқылы Сіз көгілдір отынның берілуі кезіндегі ақауды тауып, қайғылы жағдайдың алдын аласыз.
Қандай жағдайда апатты газ қызметіне хабарласу қажет?
Егер қолданыстағы газ жабдықтарында жалынның түсі қызғылт сары болса 104 нөмірін теріңіз. Себебі жалынның қызғылт сары болуы құрылғыда ақау бар дегенді білдіреді. Сонымен қатар газдың берілуі кілт тоқтап қалса, газ құрылғыларының қыздырғыштарындағы шүмектерді дереу сөндіріп, авариялық газ қызметіне қоңырау шалуға асығу керек. Үйіңізде табиғи газдың иісі пайда болғанда газ құрылғыларын пайдалануды дереу тоқтатып, ақаудың қайдан шыққанын анықтау үшін авариялық газ қызметіне хабарлаңыз.
Маңызды ақпарат!
Егер үйіңізде жоғарыда атап өткен жағдайлармен бетпе бет келсеңіз, үй ішінде ашық отты жақпаңыз, темекі шекпеңіз, электр жарығы мен электр құрылғыларын қоспаңыз және өшірмеңіз, электр қоңырауларын қолданбаңыз.
Мамандарға газдалмаған бөлмеден қоңырау шалып, шақырыңыз.