КӨМІРҚЫШҚЫЛ ГАЗЫНАН УЛАНУДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ
Түркістан қаласы төтенше жағдайлар басқармасының инспекторлары тұрғындарға көмірқышқыл газының қауіпті екенін ескертіп, одан улану ережелерін сақтауды ескертеді,-деп хабарлайды uakit.kz.
Көмірқышқыл газбен улану көбінесе адам өліміне дейін алып келуі мүмкін. Бұнын себебі, көмірқышқыл газы өте улы және де тым қысқа уақыттың аралығында ағзаға өте ауыр зиянын тигізеді. Көмірқышқыл газдың исі, дәмі болмасада, ол неше түрлі аралықтардан, қабырғалардан, топырақтан да кіріп кететін қасиетке ие. Әдетте улану қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтамағандықтан болады.
Уланудың басты себептері ол пешті дұрыс соқпау және пештің және газбен жылытқыш құрылғылардың істен шығуы, көліктің қозғалтқышының қосулы болып, ауа алмаспайтын жабық жерде уақыт өткізуі, өрт, жеткілікті ауа айналымы жоқ газдалған мекеме болу т.с.с.
Жоғарыда көрсетілген себептер, жеңіл улануға тіпті адам өліміне дейін алып келуі мүмкін. Сол себепті қауіпсіздік шараларын қолдану өте маңызды.
Ол үшін газ құрылғыларын өздігінен жөндемеу қажет.
Газдық құрылғылардың жұмыс атқарып тұрғанын тексеріп отырған абзал.
Пәтерді (үйді) үнемі желдетіп отыру керек.
Қосулы тұрған газды бағанасы бар бөлмеде отырмау қажет.
Бөлме ішін газды пешпен немесе тұмша пешпен (духовка) бөлмені жылытпау.
Бір уақытта газды пештің барлық комфоркаларын қоспау керек.
Пешті жақпастан бұрын, оның саңылауы бар-жоғын тексерген дұрыс.
Жану бітпестен, пешті түні бойына қараусыз тастап кетпеу керек.
Жабық көлік жайдың (гараж) ішінде қозғалтқышы қосулы көлікті жөндеу қауіпті екенін қаперден шығармау қажет.
Адамды уланудан қорғау үшін және уланудан кейінгі зардаптарды азайту үшін тек уланудың алдын-алу жеткіліксіз.
Көмірқышқыл газымен уланған жағдайдағы алғашқы көмек қандай болуы керек?
Дәрігерге дейінгі көмектің ең алғашқы қадамы – улаған адамды газды бөлмеден шығару, улағыш газды бөлмеден кетіру. Алғашқы көмек көрсетіп жатқан адам, өзі уланып қалудан сақтануы қажет.
Көмірқышқыл газы шоғырланған жерден зақымданған адамды алып не болмаса көтеріп шығару керек. Бұл алғашқы көмек көрсетердегі өте маңызды іс.
Уланған адам қандай жағдайда болмасын тез арада жедел жәрдем шақырту қажет.
Жеңіл деңгейде уланған адамға қант қосып, қою шай беру керек. Жылынып біраз демалу уланған адамға көмегін тигізеді.
Естен танып жатқан адамды тегіс жерге қырымен жатқызып, жағасын белбеуін шешіп, таза ауаға дем алдыру қажет.
Мақтаға мүсәтір спиртін тамызып, мұрнынан 1-см алшақ ұстап иіскету керек.
Жүрегі тоқтап немесе жүрек қағысы әлсіз адамды қолдан дем алдырып, кеудесін, жүрек тұсын уқалау керек.
Жоғарыда көрсетілген амалдарды жасап біткен соң, жедел жәрдемнің келгенін күту қажет.