ШЫМКЕНТТЕ «ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ 16 КҮН» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

149
0
Шымкентте «Сана Сезім» ӘБҚО ҚБ орталығының ұйымдастыруымен «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы аясында семинар-тренинг өтті, деп хабарлайды Uakit.kz.
Еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде отбасын қорғау мен қолдаудың тұтас жүйесін құру және зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру қажеттігін үнемі айтып келеді. Осы мақсатта Шымкентте «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы қаланың барлық аумақтарында ұйымдастырылуда.
Акциясының негізгі мақсаты жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында ақпарттар беріліп, отбасындағы әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық алдын алу, жолын кесу және де жалпы отбасындағы құндылықтар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізу, зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көмек беру.
Аталмыш шараға Шымкент қаласының білім басқармасының мамандары, Шымкент қаласы ПД Абай, Еңбекші, Әл-Фараби және Қаратау аудандарының полиция басқармаларының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің мамандары мен Жастар ресурстық орталығының психологтары қатысты.
Тренинг барысында «Сана Сезім» ӘБҚО ҚБ орталығында ұсынылатын көмек түрлері атап өтілді. «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы аясында қызғылт сары түс зорлық-зомбылықсыз жарқын болашақ пен оның барлық түрлерін жою екендігі айтылды. Сонымен қатар қатысушыларға буклеттер мен қызғылт сары ленталар таратылып, консультациялар берілді. Зорлық-зомбылық, адам саудасы тақырыптары кеңінен ашылып, видео роликтер көрсетілді. Тақырыптар бойынша жаттығулар жасалып кездесу соңында белсенді қатысушыларға сыйлықтар табысталды.
Айта кету керек, аталған акция ағымдағы жылдың 25 қарашасы мен 10 желтоқсан аралығында құзырлы орган өкілдерімен бірлесе елді-мекендерде, халық жиі шоғырланатын орындарда кездесулер ұйымдастырылуда. Яғни, зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізіп, тұрмыстық, психологиялық, құқықтық, медициналық көмек көрсетуді жоспарлауда.