ҚАЛАЛЫҚ ЖАЙЛЫ ОРТАНЫ ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДА АРТҚАРЫЛҒАН ШАРУА КӨП
Шымкентте қалалық жайлы ортаны дамыту бағытынды бірқатар шаралар қолға алынып, бүгінде атқарылған жұмыстар өз нәтижесін беруде, деп хабарлайды Uakit.kz.
Бүгінгі таңға дейін «Birge-taza Qazaqstan» экологиялық акциясы жүйелі негізде өткізіліп келеді. Жыл басынан өткізілген сенбіліктерге жалпы саны
125 мыңнан астам адам қатысып, 633 техника жұмылдырылған. Құрылыс қалдықтарын жинау мен қайта өңдеу алаңшасы үшін қоқыстарды қайта өңдеу зауыты «GreenLine» ЖШС-не Ақтас-1 тұрғын алабындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының жанынан ауданы 26 га жер телімі бөлінді.
Сонымен қатар, қала аумағында ұзындығы 339,1 шақырымды құрайтын 34 канал және 2 өзен бар. Ағымдағы жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында 220 шқ құрайтын 23 канал және 2 өзенге механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңға 85,2 шақырым канал механикалық тазартылды. Каналдардың бойында орналасқан елді мекендер арасында санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде жалпы ұзындығы 97,7 шақырымды құрайтын 9 канал тазалануда. Ағымдағы жылы «Чумчак», «Көк», «Шымкент», «Шапырашты» және «Сай ниже водопада» каналдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Бұдан бөлек, 2022 жылдың соңына дейін жалпы қала аумағына 201,2 мың ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Көктемгі ағаш егу маусымында 40,5 мың ағаш көшеттері отырғызылды. Қалған 160,7 мың ағаш көшеттері отырғызылуда. Жыл соңына дейін ағаш егу жұмыстары толық орындалады. Жасыл желек алаңын ұлғайту бойынша саябақтар мен гүлзарларға – 4 000 дана ағаш көшеттерін егу жұмыстары жүргізілуде. Оның 1500 данасы қылқан жапырақты, 2500 данасы жәй жапырақты ағаш көшеттері.
Сондай-ақ, қала теңгерімінде 156 га аумақты құрайтын 9 саябақ және 39 гүлзарлар мен аллеялар бар. 2022 жылы Шымкент қаласында 12 шағын ауданы аумағындағы аумағы 1,6 га құрайтын саябақ құрылысы толығымен аяқталды. Қала аумағындағы саябақтар мен гүлзарларды көріктендіру мақсатында 75 641 дана қызғалдақ гүлдері егілді. 8 саябақ, 27 гүлзар, 33 субұрқақ, 33 ескерткіштің мемлекеттік тіркеу актілерін қайта тіркеу жұмыстары жүргізіліп құжаттандырылды. Қалған нысандар бойынша жерге орналастыру құжаттары дайындалып, мемлекеттік актіге құжаттары рәсімделуде.