ӨРТ АВТОМАТИКАСЫ ЖҮЙЕЛЕРІН ЖҮРГІЗУ ЖОБАЛАУ ҚҰЖАТТАМАСЫНА САЙ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын монтаждау жөніндегі жұмыстар жобалау құжаттамасына сәйкес жүргізіледі.

Объектіде өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын білікті пайдалану және техникалық жарамды күйде күтіп-ұстау үшін басшының бұйрығымен мынадай персонал тағайындалады:

— өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын үздіксіз пайдалануды қамтамасыз ететін адам;

— өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына қызмет көрсетуге шарт болмаған кезде, өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына техникалық қызмет көрсету және оларды жоспарлы-алдын ала жөндеу бойынша жұмыстарды орындау үшін мамандар. Мамандарды оқытуды өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға жауапты адам объектінің басшысы бекіткен бағдарлама бойынша жүргізеді.

Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын үздіксіз пайдалануды қамтамасыз ететін адам:

-осы қағидалардың талаптарының орындалуын;

— шарт бойынша графикке және күнтізбелік жұмыс жоспарына сәйкес техникалық қызмет көрсету және жоспарлы-алдын ала жөндеу бойынша жұмыстарды бақылауды және қабылдауды;

-дайындаушы зауыттың нұсқаулығына сәйкес өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының жұмысқа қабілеттілігіне техникалық қызмет көрсетуді, жоспарлы-алдын ала жөндеуді жүргізудің және тексерудің дұрыстығын;

-қызмет көрсетуші және кезекші персоналды оқытуды, сондай-ақ қорғалатын үй-жайларда жұмыс істейтін адамдарға өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғылары іске қосылған кездегі іс-қимылдар бойынша нұсқама беруді;

-қажетті пайдалану құжаттамасын әзірлеуді және оны жүргізуді қамтамасыз етеді.

Өртке қарсы қорғау жүйелерінің техникалық құралдарына техникалық қызмет көрсету және жоспарлы-алдын ала жөндеу бойынша жұмыстарды, бастапқы өрт сөндіру құралдарының болуын және олардың жай-күйін тексерулерді есепке алу автоматтандырылған жүйеге немесе өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының пайдалану журналында көрсетіледі.

Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жоспарлы-алдын ала жөндеуді объектінің білікті мамандары немесе әлсіз тоқ жабдығымен жұмыс саласындағы ұйымдар орындайды.

Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғылары кезекші (жобалық) жұмыс режимінде тұрақты ұсталады.

Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын өшіруге байланысты жүргізілетін техникалық қызмет көрсету және жоспарлы-алдын ала жөндеу бойынша жұмыстарды орындау кезеңінде объектінің әкімшілігі өрт автоматикасы жүйелерімен және қондырғыларымен қорғалатын объектілердің өрт қауіпсіздігін қосымша іс-шаралармен қамтамасыз етеді.

Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының құрамына кіретін техникалық құралға құжаттамада көрсетілген қызмет мерзімі өткеннен кейін, сондай-ақ өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғылары істен шыққан жағдайларда, осы жүйелер мен қондырғыларды мақсаты бойынша одан әрі пайдалану мүмкіндігін анықтау мақсатында оларға техникалық куәландыру жүргізіледі.

Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын техникалық куәландыруды тапсырыс беруші мен монтаждау-баптау (іске қосу-баптау) ұйымы өкілдерінің қатысуымен комиссия әрбір бес жыл сайын жүргізеді.