ҮЙ АУМАҒЫНДА ТАМАҚ ДАЙЫНДАҒАНДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАЙСЫЗ БА?
Елді мекендерде, саяжай және бау-бақша үйлерінің аумағында тамақ даярлау үшін жанғыш көмірді орналастыруға арналған арнайы құралдарды (мангалды, барбекюді, грильді) пайдалану кезінде:
— мангал (барбекю, гриль) орнын өрт сөндіргіш затының салмағы кемінде 2 кг бір өрт сөндіргішпен немесе кемінде 10 литр суы бар сыйымдылықпен жабдықтау;
— жанғыш көмірді орналастыруға арналған арнайы құралдардың (мангалдың, барбекюдің, грильдің және сол сияқтылардың) шетінен ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі минималды қашықтық (жоспарда) кемінде 10 метр болуы тиіс.
-Жанғыш көмірді орналастыруға арналған арнайы құралдарды (мангалды, барбекюді, грильді):
— құрғақ өсімдіктері бар орындарда;
— ағаштардың түбінде;
— жанғыш материалдардан жасалған жабындардың астында;
— тұрғын ғимараттың үй-жайларында, сондай-ақ балкондарда және лоджияларда;
— шаруашылық құрылыстарда, гараждарда, шатырларда, жазық төбелерде орнатуға жол берілмейді.
Жанып жатқан көмірді қараусыз қалдыруға жол берілмейді. Ас даярлау аяқталған соң, бықсу толық тоқтағанға дейін жанған көмірге су құю қажет.
Алау жағу, қалдықтар мен ыдыстарды өртеу ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 м қашықтықта жүзеге асырылады.
Қалдықтар мен ыдыстарды өртеу осы мақсатқа арнайы бөлінген жерлерде қызмет көрсетуші персоналдың бақылауымен жүргізіледі.