МИНЕРАЛДЫ ЖОЛАҚ ҚАЗУ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?
Ормандар мен дала алқаптарында орналасқан шипажайлардың, демалыс үйлерінің және басқа да сауықтыру мекемелерінің (оның ішінде жазғы балалар саяжайларының, балалардың сауықтыру лагерьлерінің) аумағы периметр бойымен орман мен дала өрттері кезінде өрттің таралу мүмкіндігін болдырмайтын, ені кемінде 4 м минералдандырылған қорғау жолағымен қамтамасыз етіледі.
Вахталық объектінің аумағы көктемгі-жазғы өрт қауіпті кезеңде периметрі бойынша ені кемінде 4 м минералдандырылған жолақпен қорғалады.
Автокөлік, техника тұрағы блок-контейнерлерден, құрылыстардан, материалдар мен жабдықты ашық сақтау орындарынан кемінде 15 м қашықтықта жүзеге асырылады.
Отын құю техникасының тұрағы блок-контейнерлерден, құрылыстардан, материалдар мен жабдықты ашық сақтау орындарынан, басқа автокөлік техникасының тұрақтарынан кемінде 50 м қашықтықта болады.
Вахталық объектіге кіре берісте мыналар көрсетілген схема ілінеді:
— ғимараттарды, блок-контейнерлерді, құрылыстарды, автокөлікті, техниканы, материалдар мен жабдықтарды сақтау орындарын орналастыру орындары;
— автокөлік техникасының қозғалысын ұйымдастыру;
— бастапқы өрт сөндіру құралдарын орналастыру орындары;
— жақын маңдағы өртке қарсы су көздері орналасқан жерлері.
Вахталық объектінің аумағы қорғалатын аумақтың әрбір 1000 м2 өрт қалқанымен, сондай-ақ Қағидаларға 7-қосымшада айқындалған мөлшерде бастапқы өрт сөндіру құралдарымен жарақталады.
Үй-жайларда, құрылыстарда, блок-контейнерлерде ашық отты қолдануға жол берілмейді.
Вахталық объектілердің үй-жайлары әрбір адамға жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз етіледі. Вахталық объектінің үй-жайларында көрінетін жерде өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық ілінеді.
Вахталық объектілердің аумағында тұратын адамдар өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықпен қол қою арқылы немесе жұмыс орнында өртке қарсы нұсқама жүргізу кезінде танысады.
Блок-контейнерлерді, құрастырмалы-модульдік кешендерді жинау кезінде неғұрлым алыс нүктеден адам орналасқан жерге дейінгі эвакуациялық шығу жолының ұзындығы 20 м-ден аспайтын етіп көзделеді.
Блок-контейнерлерде, құрастырмалы-модульдік кешендерде жабық үлгідегі қыздыру элементтері бар зауытта жасалған жылу беру көзделеді.
Вахталық объектінің аумағында ашық алаңдарда сығымдалған және (немесе) сұйытылған газы бар баллондарды, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары бар сыйымдылықтарды қалдыруға, жылыту құралдарының үстінде киім мен іш киім кептіруге, алау жағуға, ашық отты қолдануға жол берілмейді.