ШАРУА ҚОЖАЛАҒЫНДА ШАТАҚ ШЫҚПАС ҮШІН

Ат қоралардың үй-жайларын ұстау және жемшөп сақтау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

Ат қоралардың үй-жайлары екi және одан астам дербес қақпамен жабдықталады, олардың алдынан табалдырықтарды, сатыларды, қақпа асты саңылауын орнатуға болмайды.

Жылқыларды шығаруға арналған үй-жайлардың барлық қақпалары мен есiктерiнiң тек сыртқа қарай ашылуы керек. Қақпаны тек жеңiл ашылатын тиектермен ғана жабуға рұқсат етiледi. Қыста ат қоралардың қақпалары мен есiктерiнiң алды қардан жүйелi түрде тазартылып тұрады.

Ат қоралардың үй-жайларында өрт болған жағдайда жылқыларды жылқы тұратын орындардан бiр мезгiлде босатып шығаруға мүмкiндiк беретiн құрылғылар көзделеді.

Ат қораларда электр желiлерi оқшаулағыштарға, арқандарға, болат құбырларға немесе кабельдерге ашық төселедi. Тек тозаң-су өткiзбейтiн немесе ылғал өткiзбейтiн электр шырақтарын ғана пайдалануға болады.

Тарату қалқандары, ажыратқыштар, сақтандырғыштар тамбурларда немесе ат қоралардың сыртқы қабырғаларында жанбайтын материалдардан жасалған шкафтарда орналастырылады.

Ат қорада тәулiктiк жемшөп қоры бар жемшөп орнын, сондай-ақ төсемдердi сақтауға арналған үй-жайларды орнатуға болады.

Жемшөптiң негiзгi қорлары арнайы қойма үй-жайларында сақталады.

Ат қоралардан жылқыларды ойдағыдай эвакуациялау үшiн өрт болған жағдайда жануарларды эвакуациялау жоспары жасалады.

Ат қораларда электр желiлерiн пайдаланған кезде:

— электр желiлерiн жануарлар тұратын орындардың үстiнен орналастыруға;

— электр желiлерiнiң астынан шөп, сабан жинауға;

— электр желiлерi мен кабельдерiн ат қоралардың үй-жайлары арқылы транзитпен төсеуге;

— қуаты осы шырақ түрi үшiн шектi рұқсат етiлгеннен артық болатын лампаларды пайдалануға;

— шырақтарды сымдарға iлуге болмайды.

— Ат қоралардың үй-жайларында:

— шеберханалар, қоймалар, автокөлiк тұрақтарын орналастыруға, сондай-ақ жануарларға күтім жасаумен байланысты емес жұмыс жүргiзуге;

— iштен жану қозғалтқыштары бар, газ шығатын құбырлары ұшқын сөндіргіштермен жабдықталмаған көлiк құралдарын өткізуге;

— қақпа автоматты түрде ашылуы үшiн оған серiппелер мен блоктар орнатуға;

— үй-жайларды жарықтандыру үшiн керосин лампаларын, шырақтарды және ақаулы электр фонарьларын қолдануға;

— уақытша пештердi орнатуға;

— тамбурлар мен өту жолдарында, ат қора шатырларында шөп, жемшөп, төсем сақтауға;

— темекi шегуге және ашық отты пайдалануға болмайды.