ТҰРАҚТАРДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ БОЛМАС ҮШІН…

Гараждарды, ашық тұрақтарды, паркингтерді ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету төмендегідей тәртiбi бар.

Ашық тұрақ аумағында көлiк құралдарын шағын жөндеу және оларға күнделікті техникалық күтім жасау бетi қатты алаңшаларда жүзеге асырылады.

Көлiк құралдарын шағын жөндеу мен оларға күнделікті техникалық күтім жасауға арналған әрбiр алаңшада осы Қағидалар талаптарына  сәйкес өртке қарсы мүкәммал жиынтығы бар өрт сөндiру қалқаны орнатылады.

Көлiк құралдары ашық сақталатын гараждардың үй-жайларында, паркингтерде, алаңшаларда өрт және төтенше жағдайлар туындаған кезде көшiруге кедергi жасауы мүмкiн заттар мен жабдықтарды үйіп қоюға болмайды.

Гараждар, бокстар, паркингтер және көлік құралдарын (жеке құралдардан басқа) ашық сақтау алаңшалары автотехниканы орналастыру сызбаларымен және көліктерді эвакуациялау шығыстарына бағыттайтын белгілермен жарақталады.

Гараждар, паркингтер және көлік құралдарын ашық сақтау алаңшалары таза ұсталады. Төгiлген жанар-жағармай материалдарына құм себілiп, дереу жиналады.

Сығымдалған табиғи газбен немесе сұйытылған мұнай газымен жұмыс істейтін қозғалтқыштары бар, газ-баллон жабдығымен қамтамасыз етілген автомобильдерді басқа мақсаттағы ғимараттарға кіріктірілген және оларға жапсарлас, сондай-ақ жер деңгейінен төмен орналасқан жабық типтегі автотұрақтар мен паркингтерге қоюға болмайды.

Паркингтерде, жабық типтегі тұрақтарда жобалық құжаттамада көзделмеген басқа да функционалдық мақсаттарға арналған үй-жайларды ұйымдастыруға және/немесе орналастыруға болмайды.

Жанғыш, жарылыс қаупі бар заттар мен материалдарды, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, майларды, жанғыш газдары бар баллондарды, қысымдағы баллондарды шаруашылық қоймаларында және клиенттердің багажына арналған қоймаларда сақтауға болмайды.

Шаруашылық қоймалар мен клиенттердің багажына арналған қоймаларды автотұрақтың бірінші (қону) қабатында ғана орналастыруға рұқсат етіледі, жеңіл автокөліктердің жерасты автотұрақтары үшін ғимараттың жер асты қабатының бірінші қабаттан төмен емес (жоғарғы) қабатта орналастыруға рұқсат етіледі.

Жанғыш материалдарды шаруашылық және клиенттердің багажына арналған қоймалардан тыс сақтауға болмайды.

Көп пәтерлi тұрғын ғимараттарға, қоғамдық ғимараттарға қоса салынған және жалғастыра салынған, сондай-ақ паркингтерде гараж тұрақтарының үй-жайларында көлiктiк құралдарға құрастырылған бактардағы отынды қоспағанда, жанар-жағармайды сақтауға болмайды. Басқа гараждарда бензин және дизельдi отын – 20 килограмм, майлар – 5 килограмнан аспайтын жанар-жағармайдың қосымша мөлшерiн металдан жасалған тығыз жабылатын ыдыста ғана сақтауға болады.

Гараждарды, автотұрақ ғимараттарының үй-жайларын, паркингтер мен ашық тұрақтарды олардың тікелей мақсаттарынан тыс (жанғыш материалдарды, газ баллондарын жинау, жөндеу шеберханаларын, сырлау камераларын, үй-жайлар мен тұрғын бөлмелерді орнату) пайдалануға болмайды.

Жабық тұрақтардың ғимараттарында (кіріктірілген, бекітілген, жерасты, дербес) жөндеу жұмыстарын жүргізуге және заттар мен материалдарды сақтауға арналған үй-жайлар ретінде автомобильдерді сақтауға арналған бөлек бокстар мен тұрақ орындарын қайта жабдықтауға немесе пайдалануға болмайды.

Автомобильдердi сақтау үй-жайларын жылыту ауа ағынының желдеткiшi бар сумен немесе ауамен жылытылатын болып көзделуi тиiс. Гараждардың күзет үй-жайларында бетi тегiс зауытта дайындалған жергiлiктi жылыту құралдарын пайдалануға жол берiледi. Бұл ретте бетiнiң температурасы 100°C асуы мүмкiн жылыту құралдары жанбайтын материалдардан жасалған экрандармен қоршалады.

Бокстарда, паркингтерде, көлік құралдарын қоюға арналған үй-жайларда, өндірістік гараждардың үй-жайларында, көлік сақталатын үй-жайлардың шатыр астында және ашық алаңшаларда:

— көлiк құралдарын орналастыру жоспарының нормасынан асып кететін көлік құралдарын орнатуға, автомобильдер арасындағы қашықтықты төмендетуге; олардың және ғимараттардың (құрылыстардың) арасындағы қашықтықты азайтуға;

— шығу қақпалары мен өту жолдарына заттарды үйіп қоюға; ұста, термиялық, дәнекерлеу, сырлау және ағашпен өңдеу жұмыстарын жүргiзуге, сондай-ақ тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолданып бөлшектердi шаюға;

— көлiк құралдарын отын бактарынан, отын өткiзгiштерi мен карбюраторлардан ағу болғанда, сондай-ақ электр жабдығы бұзылған жағдайда отын бактарының қылталарын ашық қалдыруға;

— көлiк құралдарына жанар-жағар майларын құюға, сондай-ақ оларды су бұру жүйесіне немесе жақын аумаққа төгуге. Пайдаланылған жанар-жағармай материалдарын, сүзгiлердi, ескi-құсқы нәрселер және басқа да материалдар жинауды жанбайтын материалдардан жасалған, жабылатын қақпақтармен жабдықталған ыдыстарға жинау қарастыру керек;

— аккумуляторларды тікелей көлiк құралдарында, сондай-ақ осы мақсатқа икемделмеген үй-жайларда оталдыруға;

— қозғалтқыштарды ашық отпен жылытуға (алау, шырақтар, дәнекерлеу шамдары, газ жанарғылары), жарықтандыру үшiн ашық от көздерiн пайдалануға;

— жалпы тұрақтарда тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, сондай-ақ жанғыш газдарды тасымалдау үшiн көлiк құралдарын ортақ тқрақтарға қоюға;

— тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың ыдыстарын сақтауға;

— көлiк құралдарын сырлауға, бөлшектерiн тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтармен жууға болмайды.

— Газ тәрiздi отынмен жұмыс iстейтiн, газ-баллон жабдығымен қамтамасыз етілген көлiк құралдарын пайдаланған кезде:

— көлiк құралын түнгi немесе ұзақ тұраққа қойған кезде шығын вентильдерiн жабу, магистральды газ құбырындағы барлық газды шығару қажет, одан кейiн iске қосуды өшiрiп, магистральды вентильдi жауып, аккумулятордағы «масса» ажыратылады;

— жабық үй-жай мен паркингте көлiк құралының «өзiндiк жүру» қозғалысы тек сұйық отында (бензин, дизельдi отын) жасауға болмайды;

— көлiк құралдарын сақтауға арналған үй-жай мен паркингте сұйытылған көмiрсутектi газды (бұдан әрі – СКГ) айдауды жүзеге асыруға болмайды;

— үй-жайлардан көлiк құралдары шығарылғаннан кейiн олар мұқият желдетiледi;

— қысқы уақытта көлiк құралдарын гараждан тыс сақтаған кезде және температура төмен болған жағдайда қозғалтқышты алдын ала жылыту және газ коммуникацияларында мұздың пайда болуын жою ыстық сумен, бумен немесе ыстық ауамен жүргiзiледi;

— қысымды бақылаумен, газды өндiрумен, қозғалтқышты жылытумен, карбюратор қоспалауыштарға әртүрлi отын түрлерiне ауыстырып қосу және газ жеткiзумен байланысты жүйелер дұрыс жағдайда ұсталады. СКГ бар баллондардағы сақтандырғыш клапандар, сондай-ақ отын жеткiзiлуiн бұғаттауды қамтамасыз ететiн электрлiк магниттi клапандар дұрыс жағдайда пайдаланылады. Баллондарды куәландыру 2 жылда кемінде 1 рет жүргiзiледi;

— СКГ паркингтерде, жабық гараж тұрақтарда және басқа да iшiндегi температурасы 25 C асатын, жылытуы бар үй-жайларда қолдануға және сақтауға болмайды;

— қозғалтқышты iске қосуды тек отынның бiр түрiнде – газ немесе бензинде ғана жүзеге асыруға жол берiледi.

Көлiк құралдарын (жеке көлiк түрлерiнен басқа) сақтайтын паркингтер, ашық алаңдар мен тұрақтарға арналған ғимараттар әрбiр 10 техникаға бiреуден келетiн сүйреткiш арқандармен (штангалармен) жабдықталады.

Жеке қолданыстағы гараждарда бұрын көрсетiлген талаптарға қосымша жиһаздарды, жанғыш материалдардан жасалған үй тұрмысындағы заттарды, сондай-ақ 20 литрден астам жанармай мен 5 литрден астам май қорларын сақтауға болмайды.

Автомобильдердi жөндеуге арналған үй-жайларда (газ автомобильдерiнде баллондар газбен толтырулы болғанда) жанармай толтырылған багы бар автомобильдерге және май толтырылған картерлерге жөндеу жұмыстарын жүргiзуге болмайдф. Жұмыс аяқталғаннан кейiн үй-жай мен байқау шұңқырларын май сiңген, сүртiлген материалдардан тазартылады.

Аккумулятор станцияларын ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

Аккумулятор батареяларын зарядтау процесінде:

— ұшқын болмас үшiн сымдардың батарея клеммасына берiк жалғануы тексерiледi;

— батарея банкаларындағы тығындар ашық күйде ұсталады;

— зарядтау тогын қосу мен зарядталған аккумуляторларды сақтауға ағынды сорғы желдеткiш жұмыс iстеп тұрғанда ғана жасалады;

— өткiзгiш жеке аккумуляторлардан зарядтау тогы өшiрулi тұрғанда ажыратылады;

— зақымдалған өткiзгiштердi дереу жаңасына ауыстырылады.

Аккумулятор станцияларының зарядтау үй-жайларында дәнекерлеу жұмыстарын немесе дәнекерлеу шамын қолданылатын жұмыстар батарея зарядталып бiткеннен кейiн 2 сағаттан соң және үй-жай мұқият желдетiлгеннен кейiн жүргiзiледi. Балқытып біріктіру немесе дәнекерлеу лампасымен жұмыс істеу кезінде үй-жайды үздіксіз желдету жүргізіледі. Дәнекерлеу орны үй-жайдың технологиялық жабдығынан отқа төзiмдi қалқандармен қоршалады.

Аккумулятор стансаларының үй-жайларында:

— темекi шегуге, от жағуға, электр қыздырғыш аспаптарын пайдалануға;

— бiр ауысымдық қажеттiлiктен артық қышқылды, сiлтiнi немесе электролиттi сақтауға;

— жұмыс орнында арнайы киiмдi және басқа да бөгде заттарды қалдыруға болмайды.