ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН ЕШКІМ ЖАЛТАРМАЙДЫ — РОМАН СКЛЯР ЕКІБАСТҰЗ АПАТЫ ЖАЙЛЫ

99
0

Қызметкерлердің қателігі немесе акционердің кінәсі бар екенін тексеріс нәтижесі көрсетеді. Ешкім жауапкершіліктен жалтармайды. Рavlodarnews.kz порталына сұхбат берген ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр осылай мәлімдеді.

«Монополисті тұтынушыға сапалы қызмет көрсетуге міндеттейтін заң бар. Мәселен, монополист өз қызметін себепсіз, қалаған уықытында тоқтата алмайды. Егер тарифтер төмен болса, ол оны дәлелдеуі керек. Тұтынушы үшін қателікті кім жібергені маңызды емес. Ол тек қызметке ақы төлейді. Егер монополист техникалық тұрғыдан нашар және тиісті қызметті көрсете алмайтын болса, бұл тұтынушының емес, оның мәселесі. Апатқа не себеп болды? Қызметкерлердің қателігі немесе акционердің кінәсі болды ма – оны тексеріс нәтижесі көрсетеді. Мен мынаны айтқым келеді: ешкім жауапкершіліктен жалтармайды», — деп атап өтті Роман Скляр. Оның айтуынша, апаттың себебі мұқият тергеуден кейін жарияланады. Бұл орайда Роман Скляр ешқандай ақпараттың жасырын қалмайтынын баса айтты. Сұхбат аясында вице-премьер Екібастұздағы апат кезіндегі пәтер иелері кооперативтерінің кемшілігін айтты. Сондай-ақ қаладағы жағдай туралы әлеуметтік желілерде тараған жалған ақпаратқа ергендерге қатысты ойын білдірді.