МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛУДА

64
0

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшылығының төрағалығымен медициналық нысандардың мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімділігі туралы мәселесі қаралды. Жиынға басқарма қызметкерлері мен медицина ұйым басшылары қатысып, ерекше жандар үшін емдеу мекемелерінде жасалған жұмыстарды баяндады.

Қаладағы медицина ұйымдары бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдаудың əлеуметтік саясатын жетілдіру жəне оларға əлеуметтік, көліктік инфрақұрылым нысандарының кедергісіз қолжетімділігін қалыптастыру үшін белгіленген талаптарға сай ету ұсынылған. Осылардың барлығын негізге ала келе, қалалық денсаулық сақтау басқармасы жанынан арнайы мониторингтік топ құрылып, жыл басынан бері емдеу мекемелеріндегі жағдайды тексеріп шықты. Мониторинг топ құрамында басқарма мамандары мен мүгедектер қоғамдық бірлестігінің өкілдері бар.

Мониторинг барысында бірқатар ғимараттарды кейбір тармақтар бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділік жөніндегі нормаларға сәйкес келтіру мүмкіндігі жоқ екендігі анықталып, ексертулер берілді. Анықталған кемшіліктер бойынша денсаулық сақтау басқармасының тапсырмасы аясында емдеу мекемелері ерекше жандар үшін пандус, жүру жолдары мен жеделсаты, тұрақ орындары, сынды т.б талаптарды нормаларға сәйкес келтіріп, қолжетімді жағдайды жасады. Кейбір күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған медициналық ұйымдарда қалалық мүгедектер қоғамы атынан ұсынымдар беріліп, осал топтағы азаматтар үшін талапқа сәйкес жағдайлар қарастырылып, жол картасы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, қаладағы медициналық нысандардың дені мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді жағдайды қарастырған.