ЕРЕКШЕ ЖАНДАРДЫ ҚОЛДАУ — ҚОҒАМНЫҢ ПАРЫЗЫ

69
0
Бүгін Шымкент қаласындағы ерекше жандар үшін ерекше күн. Себебі Наурыз мейрамына орайластырылып ерекше жандарға арналған мерекелік іс-шара өтті.
Шымкент қаласының әкімдігі мен мәслихатаы және Шымкент қалалық «Азаматтық Альянсы» ЗТБ, Атамекен кәсіпкерлер палатасы. AMANAT партиясының өкілдерінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылған іс шараға «Оған «IamBala» ҚҚ, «Ерекше жол», «Жақсы сиқыршы», «Рахмет саған, анашым» ОМД, «Өркен» ББФ, «Жігер» ҚБ, «Шымкент қаласындағы Мүгедектердің қалалық қоғамы» ҚБ, «Іскерлік қауымдастық» ҚБ қамқорлығындағылар және Шымкент қалалық арнайы мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілері қатысты. Ерекше жандарға арналған жиынның негізгі мақсаты оларға жақсы көңіл-күй сыйлау түрлі қорлардың қамқорлығындағы адамдармен кездесіп, пікір алмасу болатын.
Көрме залы бірнеше секторларға бөлініп, түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Ерекше балаларға арналған шеберлік сағаты, балалардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі, суреттер, аппликациялар және қолөнер шеберлерінің бұйымдары көрсетілді. Ойын-сауық секторында аниматорлар балалармен жұмыс істеп, түрлі конкурстар ұйымдастырып, балаларға қызықты ойындар ойнатты. Сондай-ақ, жиналғандар концерт алаңында балалар мен даму ерекшеліктері бар адамдардың өнерін тамашалады. Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен «ARMAN ALANI «Қазақстандық коалициясы» ЗТБ және Шымкент қаласының «Азаматтық Альянсы» ұйымдастыруымен өтіп жүрген аталмыш іс-шаралардың маңызы зор. Ол балалар мен даму ерекшеліктері бар адамдардың шығармашылығын, ізденіс дүниетанымын жан-жақты дамытуда үлкен рөл атқарып келеді. Алдағы уақытта да ерекше жандарға арналған шаралар жалғасын таба бермек. Айта кету керек, қалалық әкімдік тарапынан мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығын қорғау мен қоғамда өзін қауіпсіз сезінуі үшін қыруар іс атқарылып жатыр. Жуырда шаһар басшысының өзі арнайы жиын өткізіп, ерекше жандарға жағдай жасау керегін тиісті сала басқармаларына тапсырған болатын.