ЕКІ ҚАБАТТАН ЖОҒАРЫ КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДЕ 300-ДЕН АСА ПӘТЕР  ПРОПАН ГАЗ БАЛЛОНЫН ҚОЛДАНАТЫНЫ АНЫҚТАЛДЫ

231
0

бұл қауіпсіздік ережесіне қарсы

Түркістан қаласында жылыту маусымы қарсаңында өрт және табиғи газдан уланудың алдын алу бойынша әр секторда сала мамандарының қатысуымен атап айтқанда, «Түркістан қалалық газ инспекциясы», қалалық полиция басқармасы және қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізген болатын.

Ағымдағы жылдың 2 желтоқсанындағы жағдай бойынша сала мамандарының қатысуымен 26116 жеке тұрғын үйлер араланып, акт түзілген. Анықталған кемшіліктер бойынша  ескертулер берілген.

Қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының uakit.kz-ке берген мәліметіне сүйенсек, өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша үйлерді аралау кезінде қаладағы І және ІІ мөлтекауданындағы жиыны 334 пәтер пропан газ баллонын қолданып отырғаны анықталды. Өз кезегінде «Түркістан қалалық Газ инспекциясы» өкілдері мен төтеншеліктер екі қабаттан жоғары тұрғын үйлерде пропан газ баллонын қолдану ережеге қайшы екенін ескертіп, акт түзді. Бұл туралы ескертулер аталған мөлтекаудандағы әрбір подъездерге ілінді.

Тиісінше қаладағы көпқабатты үйлер  орналасқан «Отырар», «Жаңа қала» мөлтекауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарынада екі қабаттан жоғары көпқабатты үйлерде газ баллонын қолдануға тыйым салынғаны түсіндірілді.