ШАРАНЫҢ МАҚСАТЫ – ОҚЫС ЖАҒДАЙДЫ АЛДЫН АЛУ

Түркістан қаласындағы «Отырар» секторында өрт және табиғи газдан уланудың алдын алу үшін профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды,-деп хабарлайды uakit.kz Түркістан қаласы Төтенше жағдлайлар басқармасына сілтеме жасап.

Іс-шараға «Отырар» секторының инфрақұрылым саласы бойынша мамандары А. Джабекова, А. Нұрмаханбетов, «Түркістан қалалық газ инспекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілі А. Оспанов, М. Усенова, Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының маманы А. Абу қатысты. Олар аталған сектор аумағындағы Гауһар ана, Әуес апа, Біржан сал, Ә. Рысбеков, Сапарбай Болыс. О. Датқа, Сатыпалды, Қорқыт ата, Бұхар жырау, Ж. Карменов, М. Шоқай, Шымкент тас жолы  көшелері мен «Отырар» мөлтекауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердегі пәтер тұрғындарына өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жылыту маусымы кезінде оқыс жағдайлардың болуын алдын алу үшін газ жабдықтарының орналасу тәртібі тексерілді.

Осы бағыттағы профилактикалық іс-шара Түркістан қаласындағы «Шауғар» тұрғын алқабында да өткізілді. Профилактикалық шара кезінде сектор аумағындағы Н. Төреқұлов, М. Мақатаев. Е. Бабаев, Көкжиек көшесінің тұрғындарына өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.