КЕЗЕКШІ ДИСПЕТЧЕР ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТУРАЛЫ КЕЗЕКТІ ХАБАРЛАМАНЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ
Осы жылдың 17 қыркүйегінде Түркістан қаласы, Тлепов көшесіндегі үйлердің бірінде өрт орын алады.
Бұл туралы сол күні сағат 18:46-да Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші диспетчеріне хабарланады.
Хабарлама бойынша №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері едел-жедел түрде оқиға орнына шығады. Құтқарушылар оқиға орнына жеткен кезде үй ауласындағы сарайдың ішінде партаның түтеп, бықсығанын анықтайды. Оқиғадан адамдар зардап шекпейді.