КӨЛІК ҚОЗҒАЛТҚЫШЫ ӨРТ ҚАУПІН ТУДЫРДЫ

107
0

Ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші диспетчеріне  Көкбайрақ көшесіндегі үй ауласында жеңіл автокөліктің жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түседі.

Сағат 19:40-та түскен хабарлама бойынша №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары өрт сөндіру автокөлігімен оқиға орнына бет алады. Өрт сөндірушілер Көкбайрақ көшесіндегі жеңіл автокөлік жанып жатқан үйге жеткен кезде «Audi 80» маркалы автокөліктің қозғалтқыш мотор бөлігінен түтін шығып, бықсығанын анықтайды. Оқиға өртке ұласпаған. Зардап шеккендер де болмаған.

Орын алған оқиғаға байланысты өрт сөндірушілер жүргізушілерге көлікті басқару кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтауды ескертеді.