ОҚИҒА ТҰРМЫСТЫҚ ЗАТТАРДЫҢ ТҮТЕУІНЕН БОЛАДЫ
Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші диспетчеріне 14 қыркүйекте өрт оқиғасы туралы хабарланады.
Хабарламада «Отырар» мөлтек ауданы №27 көпқабатты үйдің үшінші қабатында балкон жанып жатқаны айтылады.
Хабарламада көрсетілген нақты мекенжайға өрт сөндірушілер 13 минутта жетеді. Оқиға балкондағы тұрмыстық заттардың түтеуінен орын алғаны анықталады.
Оқиғадан зардап шеккендер болмайды.