ШЫМКЕНТКЕ СЕНАТОРЛАР КЕЛДІ

105
0

Шымкент қаласына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова арнайы жұмыс сапарымен келді.
Сенаторлар, ең алдымен, «3-Энергоорталық» акционерлік қоғамының жылу-электр станциясында болды. Жылына орта есеппен 700 млн кВТ/сағ. электр қуатын өндіретін бұл кәсіпорынға 2018 жылдан бері қарай ERG компаниясы инвестиция салып келеді. Мәселен 2022 жылы, мамандардың айтуынша жылу энергиясын өндіруге арналған тарифтік сметаны орындау мақсатында №1 станциядағы ТГМЕ-464 қазанагрегатының 4 сатылы өткізу пункті және №1,2,3 бойлерлер күрделі жөндеуден өтіпті. Осылайша, станциядағы қондырғылар кезең-кезеңімен жаңартылып, электр қуатын өндіру мен қаланы жылумен қамтамасыз ету жұмыстары кедергісіз жүргізілуде.
Мұнан кейін депутаттары «Атамекен» медициналық орталығының жұмысымен танысты. Заман талабына сай салынған ғимаратта педиатрия, неврология, урология, мамология, хирургия және өзге де бағыттар бойынша медициналық қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар бұл мекеме науқастарды жарақаттардан, нейрохирургиялық оталардан және инсульттан кейін оңалтумен де айналысады. Оған қажетті барлық құрал-жабдықтар және заманауи физиотерапия залы мен массаж бөлімі жұмыс істейді. Емдеу мекемесінде бір ауысымда 500 адамды қабылдайтын емхана да бар. Барлық қызметтерді МӘМС және кепілдендірілген медициналық қызметтің аясында пайдалануға болады.
Сенаторлар орталықтың жұмысымен толықтай танысып, ем алушылармен әңгімелесті. Орталықтың басшылығына медициналық қызметтің сапасын барынша қадағалаудың маңыздылығын ескертті.
Сонымен қатар Н.Бекназар пен А.Қапбарова Шымкентте жаңадан салынып жатқан Конгресс-Холлдың құрылыс барысымен де танысып, азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдады.