ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІНДЕ БІЛІМ АЛУШЫЛАР САНЫ АРТҚАН

89
0
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына қарасты жоғары медицина колледжі – Қазақстандағы орта медициналық білімі бар кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша көне оқу орындардың бірі болып табылады.
2022-2023 оқу жылында 592 білім алушы мемлекеттік тапсырыс негізінде колледжге қабылданды. Бұл көрсеткіш 2021-2022 оқу жылымен салыстырғанда 424 білім алушыға артты. Оның 45 %-ы мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алушыларды құрайды.
Аталған білім ордасында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алатын студенттердің жан басына мемлекет есебінен киім-кешекке жылына 199 700 теңге, бітіруші түлектерге 288 800 теңге, тамақтануға күніне 1 500 теңге қаралған. Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алатын 20 бала күнделікті ыстық тамақпен және ай сайынғы 30% үстемесі бар шәкіртақымен қамтамасыз етілген.
Айта кетейік, колледжде барлығы 2096 студент білім алады. Мемлекеттік тапсырыс негізінде 940 студент, келісім-шарт негізінде 1156 студент білім алады.